Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қала жаңа кейіпке енеді

13.04.2024

798 0

Осы аптада қалалық мәслихаттың кезектен тыс XVIII сессиясы өтті. Қалалық мәслихат төрағасы И.Құттықожаев төрағалық еткен сессияға қала әкімі С.Қожаниязов, әкім орынбасарлары, аппарат басшысы, қоғамдық ұйымдардың төрағалары, құқық қорғау, салық органдары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, кент және ауылдық округтердің әкімдері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіндегі мәселенің бірі қала бюджетіне өзгерістер енгізу бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Баймаханова баяндама жасады.

– Қала бюджетінің кірісі облыстық бюджеттен бөлінген 3 273 960,9 мың теңге ағымдағы және даму нысаналы трансферттері есебінен көбейтіліп, 1 200 000 мың теңге кредит есебінен азайтылғаны ескерілді.

Қала әкімдігінің биыл 29 ақпандағы №250 қаулысымен қала бюджетінің кірісі облыстық бюджеттен бөлінген 438 070 мың теңге нысаналы даму трансферттері есебінен көбейтілгені ескерілді. Сонымен қатар 301 103 «Азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін түсімдер» кодынан 1 017 265,2 мың теңге қаржы 501 100 «Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеу» кодына ауыстырылды, – деді қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

Сонымен қатар республикалық, облыстық, қалалық бюджет көздерінен бөлінген қаржылық жобаларға сәйкес, қаладағы кейбір әлеуметтік мекемелерге пандус орнатуға, Тасбөгет кенті мен Сабалақ саяжайының 15 көшесіне жарық шамдарын қоюға, «Газ тасымалдау жүйесін дамыту», «Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағдарламалары бойынша көшелерге сараптама қорытындыларын алу мәселесі де назардан тыс қалмады. Оның ішінде Яссауи көшесін Ә.Бөкейхан көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін жаңғырту, Н.Назарбаев даңғылынан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылына дейінгі көше құрылысы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы даңғылы бойынша «Қызылжарма» каналы арқылы автожол көпірін салу, Е.Көшербаев көшесін С.Бейбарыс көшесінен Ә.Бөкейхан көшесіне дейінгі жолды қайта жаңғырту, Қорқыт ата көшесінен көлік жол айырығына дейін Жаппасбай батыр көшесін жаңғырту, Белкөл кентіндегі екі көшені жарықтандыру, Тасбөгет кентіне жаяу жүргіншілер жолын салу, 4 көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру, қалада санитарлық тазалықты қамтамасыз ету және басқа жобаларға қаржылар бағытталды.

Көше атаулары өзгеруі мүмкін

Сессия барысында Бәйтерек шағын ауданындағы атаусыз көше – жазушы Дүкенбай Досжан, Әбу-Насыр-әл-Фараби-17 көшесі – соғыс ардагері Қалмағанбет Оспанов, Герман Титов-8 көшесі – мәдениет қайраткері, журналист Оразбек Мақсұтұлы, Яссауи-6 тұйық көшесі – ғылым мен қоғамдық қызметте еңбек сіңірген тарихшы ұстаз Мәди Кереев есімдерімен атау туралы ұсыныстар ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылды.

Ал сессияны қала әкімі Серік Салауатұлы қорытындылады.

– Биыл қалада біраз жоба жүзеге асқалы тұр. Осы кезде жұмыс басталып та кетті. Айта кету керек, автобус паркіне электромобильдер сатып алу, сол жағалауды аяқсумен қамтамасыз ету жұмысы қолға алынады. Оған қоса қаладағы біршама көшелер жөндеуден өтеді. Оның ішінде Тәуелсіздік көшесін төрт жолақты етіп кеңейту, теміржол вокзалы мен базар аумақтарын сәулеттік келбетке сәйкестендіру, қала ғимараттарының дизайн кодқа сай болуы, бірнеше қаланың негізгі көшелерін абаттандыру, 35 көшені жөндеуден өткізу және басқа да жобалар бойынша жұмыстар атқарылады, – деді.

Сессия қарауына шығарылған барлық мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

Суреттер қалалық мәслихаттан алынды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: