Сенбі, 04 сәуiр, 01:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24 (2236)
04.04.2026
PDF мұрағаты

Қаланы көгалдандыру назарға алынды

04.04.2026

33 0

Қалалық мәслихаттың мәжіліс залында қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынға қоғамдық кеңес төрағасы  М. Кәрімбаев төрағалық етті. Отырыстың күн тәртібіндегі мәселенің өзектісі – қаланы көгалдандыру, каналдар мен арық жүйесін тазалау, аяқсу жүйесін қалпына келтіру және аяқсу ұңғымасының жағдайын қадағалау. Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б. Шукенов  «Қаланы көгалдандыру, каналдар мен арық жүйелерін тазалау, аяқсу жүйелерін қалпына келтіру және аяқсу ұңғымаларының жай-күйі туралы» баяндады.

– Қаланы көгалдандыру бағы­тында «KazStroyCapital» ЖШС-мен мемлекет­тік-жекешелік әріптестік аясында 2025 жылдың маусым айынан бастап келісім-шарт жасадық. Қызылорда қала­­сының аумағын көгалдандыру және абаттандыру жобасының 5 жылға жоспарланған қаржысы 17,6 млрд теңгені құрайды. Жоба қаланы жүйелі көгалдандыру, жасыл желек көлемін арттыру және инфра­құрылымды жақсартуды көздейді. «KazStroyCapital» ЖШС «Қорқыт ата» әуежайына, орталық көшелер мен сая­бақтарға біржылдық және көпжылдық гүл  егіліп, ірі көшелер мен саябақтарға 73,5 шаршы метр көгал төселді. Қаланың арық жүйелеріне тоқталсақ, «Жібек жолы» мен «Қызылжарма» каналындағы насос станциясы және 12 жердегі 18 су сору қондырғысы арқылы аяқсумен қам­тылмақ, – деді бөлім басшысы.

Мұнан соң сөз алған қалалық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы К.Құрақбаева  мүм­кіндігі шектеулі балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұм­саған шығынды өтеу тәртібі және мөл­шері туралы, ауылдық елді мекенде тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымының мамандарына бюджет қаржысы есебінен коммуналдық қызметке ақы төлеу  тәр­тібін және мөлшерін бекіту  және өзге де мәселелер тұрғысында тұрғысында айтты.

Жиын қорытындысында қоғамдық кеңес мүшесі Болат Нұрқожаев қаланы шағын аудан мен тұрғын аумаққа бөліп, арық жүйесін тазалау үшін арнайы кесте әзірлеуді, аяқсу жүйесіндегі ақауды қал­пына келтіру, ағаштарды балақтау маманын дайындау, балақтау кестесін жасау, қураған ағаштарды анық­тау, су беру кестесін бекіту, сорғы стан­циясының жұмысын үйлестіру, жауапты мамандар белгілеу қажеттігін айтып,  ұсыныс жасады.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: