Сенбі, 22 ақпан, 14:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

Қамыстыбас кемеліне келіп тұр

22.02.2025

119 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Теңіз төскейіндегі тіршілік қайта түлеуде. Аралда елді өзіне қаратқан бірегей жобалар қолға алынып, ел экономикасының нығаюына ықпал етпек. Орта Азияда алғаш болып ашылған геопарк ауданның әл-ауқатының артуына мүмкіндік береді. Ал балық ұнын шығару бағытындағы жұмыс қызу жүруде. Елдегі атқарылған ауқымды жұмыстарды аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.

Айдынды Аралдың қаржы қазаны да толыса түскен. Кейінгі үш жылда 80 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Ал биыл бюджеттің бүйірі томпайып, 21,9 млрд теңгеге жетті. Өңірдегі өнеркәсіп орындарының да бұл ретте қомақты үлесі бар. Мәселен, ауданда шығарылып жатқан балық ұнын мұнан әрі дамыта түссе, халықтың әл-ауқатының артуына да атсалыспақ.

– Өндіріс орнының сағатына 500 келі, тәулігіне 5-10 тонна аралығында өнім шығаруға мүмкіндігі бар. Бұл өнімнің құс, балық шаруашылығына және мал бордақылауға да пайдасы зор. Зауыттың шикізаты балық бол­ғандықтан, теңізге тікелей бай­ланысты. Осыған дейін теңіз суы азайып, біраз қауіп болған. Енді су көбейіп жатыр. Сәйкесінше, балық та көбейеді. Қазір көпшілікті ойландырған Қамыстыбас та кемеліне келіп тұр, – деді Аманжол Сақыпұлы.

 Биыл ауданда түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру, Арал қаласында балық өңдеу, тұрмысқа қажетті ұнтақтар өндіру, ылғал майлықтар өндіру, Арал ауданынан метан газын құю бекеті және автокөлікке газ толтыру кешені жобалары іске қосылмақ. Бір ғана «Ауыл аманаты» бағдарламасының өзінде ауданда 38 жоба қолдау тапқан. Ал «Geopark Aral» жобасы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, экологиялық жағдайының оңалуына, өңірге туристер тартуға, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мол мүмкіндік бермек. Ауыл шаруа­шылығы мен экономикасы алға бастаған ауданда құрылыста да жаңалық көп.

– Өткен жылдың басты жаңа­лықтарының бірі – Арал қаласындағы кәріз желісінің құрылысының қолға алынуы. Жоба бойынша 12 шақырым кәріз желісіне бірінші кезекте 15 әлеуметтік нысан қосылады. Кәріз құбыры биыл пайдалануға берілмек. Бұл арқылы бізге Арал қаласынан заманауи үлгідегі көпқабатты тұрғын үйлерді салу мүмкіндігі туады, – деді аудан әкімі.

Дәулет ҚЫРДАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: