Сәрсенбі, 03 қыркүйек, 12:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66, 2179
03.09.2025
PDF мұрағаты

Қарқынды құрылыс серпінді болашаққа бастайды

03.09.2025

40 0

Сұлу Сырдың бойындағы құрылыс қарқын алған. Бүгінде «Сыр ана» монументі жанынан Сырдария өзенін кесіп өтетін 312,2 метр ұзындықтағы көпірдің жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұйыртса, жағалаудан жағалауға ағылған халық үшін серуендейтін ғаламат көпір пайда болмақ. Облыс, қала әкімдері Қызылорда қаласындағы бірқатар нысанды аралап, ондағы жай-күйді көрді.

Бейбарыс сұлтан көшесінде орналасқан аспалы көпірдің құрылысы қашан бітеді деп мойын созған жұртшылықтың қарасы қалың. Күрделі жөндеуді аймақтағы іргелі кәсіп­орындардың бірі «Қыран» серіктестігі қолға алған. Бүгінде мұндағы жұмыс қызу. Ал Сырдағы жаңа жылу-электр орталығы да қарқынды құрылыс алаңына айналған. Инвестор «Акса энерджи» түрік компаниясы орталық құрылысына 137 млрд теңгеден астам инвестиция құйды. Жоба аясында 2 газ турбиналық қондырғы, 95 МВт-тық бу турбинасы, 2 бу, 4 жылу қазандығы салынады. Бүгінде құрылыстың 70 пайызға жуығы біткен. Бұдан бөлек, бюджет есебінен 15 млрд теңгеге орталыққа дейінгі 45 шақырым газ құбыры, автоматтандырылған газ тарату станциясы салынды. Мұнда 1200-ден астам адам және 130 арнайы техника жұмылдырылған. Жұмысшылардың негізгі бөлігі – жергілікті тұрғындар. Станцияны осы жылдың ІV тоқсанында іске қосу жоспарланған. Бірінші кезекте 1 газотурбиналық қондырғы мен 2 жылу қазандығы, 2026 жылы қалған қондырғылар қосылады. Жаңа станция облыстың электр энергиясына қажеттілігін толығымен қамтамасыз етпек.

Мұнан соң аймақ басшысы сол жағалаудағы жаңа облыстық тарихи-өлкетану музейінің алдында сол қатардағы құрылыс жұмыстарын қолға алған мердігер мекемелер басшыларымен кездесті. Құрылыс барысында ең бірінші кезекте сапа мен мерзімнің маңызды екенін, халық күткен жаңа ғимараттар мен нысандардың уақытылы пайдалануға берілуі керегін ескертті.

Қарқынды құрылыс серпінді болашаққа бастайды

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: