Сейсенбі, 16 желтоқсан, 07:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Қарыз алмаңыз, ақша жинаңыз

16.12.2025

50 0

Күліп кіріп, жылап шығатын қарыз елді әбден титықтатты. Несиесін төлей алмай банк карталары бұғатталған азаматтар аз емес. Қарызға батқан ел не істеуі керек?

Бәлкім, бізде қаржылық сауат әлі де жетіспей жатыр ма? Жалпы қаржылық сауат деген не?

«Теңге тиыннан, ынтымақ ұйым­нан» деген қазақ қаржылай тәуелсіздікке жетудің жолы ақша жинау екенін білгендей. Қаржылық сауаттың басты қағидасы – табысты үнемдеу. Шығынның кірістен көп болмауы үшін бюджетті қадағалап отыру да маңызды. «Алдымен өзіңе төле»  деп сарапшылар да табыстың бір бөлігін болашаққа жинап отыруды дұрыс санайды. Ал, табыстың белгілі бір бөлігін қайда жинаған дұрыс?

Әр адамның жинақ тәжірбиесі, әдеті әртүрлі. Жинақ түрлері ретінде депозит, алтын, қор нарығы сияқты құралдарды пайдалануға болады. Тіпті кейде доллармен ақша жи­нағанды тиімді санайтындар да бар. Соңғы жылдары елде қор нарығына ақша салып пайда табатындардың қатары көбейді. Бұл ақша жинау қиынға соғатын адамдарға көмекші құрал ретінде қарастыруға болады. Солардың бірі инфопродюсер Өркен Қанибек ақшасының бөлігін қор нарығында сақтайды. Оның айтуынша, қазіргі жастар үшін ақша жинау қиын себебі қаптаған жарнамалар үнемі сатып алуға итермелейді.

– Қор нарығы туралы мектеп кез­ден қызығып зерттей бастадым. Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыған соң сабақтарда осы туралы көп ақпарат айтылатын. Бастапқыда трейдинг са­ласымен айналыстым. Ол жақта күні­не 2-3 сағат уақыт арнап, сатып алып жүрдім. Кейіннен ұзақ мерзімді акцияларға бет бұрдым. Мұнда көп назар аудармайсың және тәуекел де аз. Қазір көбіне банк секторларына ақша салудамын, – дейді ол.

Қор нарығы тәуекел мен табысы қатар жүретін орта. Компаниялар мен мемлекеттік ұйымдар өз акцияларын шығарып, инвесторлар ба­ға­лы қағаздарды сатып алады. Акция бағасы уақыт өте қымбаттауы немесе құлдырауы мүмкін. Мысалы, бірнеше жыл бұрын 1000 теңге тұратын 1 акция бағасы қазір 5000 теңге деп бағаланса, сіз 4000 теңге пайдаға шықтыңыз. Сонымен бірге компаниялар жылына бірнеше рет табысынан инвесторларға дивиденд ретінде ақша таратады.

Экономист Айбар Олжай­дың айтуынша, қарапайым халыққа қор нарығынан гөрі банк депозиттері тиімді әрі қауіп­сіз. Қазақстандықтардың қар­жылық сауаттылығын бақы­лап отыратын қаржы нарығын зерт­теу және дамыту агенттігі де соңғы уақытта адамдардың қаржылық сауаты артып келе жат­қанын айтады. Алайда ең не­гізгі мәселе халықтың төлем қабілетінің төмендігі екен.

– Тұтыну стандарттары мен табыс сәйкес келмесе жетіспеушілік туындайды. Адам өзінің базалық қажетті­ліктерін жапқан кезде ғана ақша жинауға мүмкіндігі бо­лады. Қазір біз қосымша жұмыс істеп табысты көбейтуіміз керек. Сонымен бірге табысты есептеп шығынды қысқарту жағын қарап көру, – дейді экономист Айбар Олжай.

Қор нарығына ақша сала­мын деген инвесторлар алдымен аз ақшамен бас­тап жаттығып, білім жи­нау керек. Ал табысы орташадан жоғары азаматтар ақшасын қайда сақтау тиімді екенін біледі. «Қазір Қазақстанда инфляция көлемі 12 пайыз шамасында дейді», – деді экономист. Банктер ұсынған 20 пайыздық депозит арқылы да ақша жинау мүмкіндігі бар. Бұл бәрібір де аз да болса ақшаның құнсыздануынан басым түсіп тұр.

– Активтерді үш-төрт себетке бө­ліп ұстау тиімді.  Жылжымайтын мүлік арқылы ақша түсіруге болады. Дол­лар тұрақтандырушы рөлін атқарса, теңге өсімге жұмыс істейді. Содан кейін алтын қандай да бір тұрақсыздық жағ­дайында өсім көрсетеді, – деді Айбар Олжай.

Алтын бағасы өссе не істеу керек?

Алтын бағасы 2025 жылы рекорд­­тық деңгейге көтерілді. Саяси тұрақ­сыз­­дық, сауда даулары, жа­һан­дық қақтығыс­тар алтынға қызы­ғу­­шылықтың артуына ықпал етеді. Жал­пы нарықтың көңіл күйі мен инвес­торлардың сенімі де алтын баға­сына әсер ететін негізгі фактор. Алтын бағасының көтерілуіне себептердің бірі Ресей, Қытай, Үндістан, Түркия елінің орталық банктері алтын қорларын арттырды. Түптеп келгенде, бұл АҚШ долла­рының тұрақтылығына қатысты алаңдаушылықтан туған әрекет десе де болады. Мұндай уа­қытта ел азаматтары не істеуі керек?

– Алтын соңғы жылда ерекше өсім көрсетті. Алайда бұл жалғаса береді деп ойламаймын. Бір унциясы 4200 күйінде қалып, түзетулер болуы мүмкін. Дәл қазір Қазақстан азаматтарына алтын сатып ал деп айта алмаймын. Одан да депозитке салу тиімді, себебі қазір базалық ставка жоғары және теңге кепілдендірілген кіріс әкеледі. Бұл алтыннан да жоғары кіріс әкелуі мүмкін, – дейді сарапшы Айбар Олжай.

Қазір елімізде 38 миллионнан астам адамның банк шоттары бұғат­талған. Бұл азаматтардың қаржылық белсенділігі мен әлеуметтік тұрақ­тылығына әсер етіп отыр. Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев әлеу­меттік шот енгізуді ұсынған еді. Заң жобасы азаматтардың әл ауқатын көтеру мен банкке сенімін арттыруға бағытталған.

– Мен азаматтардың ең төменгі табысын қорғау және өндіріп алушылар мен борышкерлердің құқықтарының теңгерімін сақтау мақсатында заң жобасына қорғалған әлеуметтік шот немесе арнайы банктік шот ашуға ұсыныс бердім. Мұндай шотқа ай сайын 300 мың теңгеге дейінгі түсімдерге өндіріп алу шарасы қолданылмауы тиіс деді, – Темір Қырықбаев.

Өз кезегінде қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері банктердің автоматтандырылған өнді­ріп алу жүйесін жетілдіру және маңы­зы бар төлемдерді қорғауды қарасты­рып отырғанын айтты. Тұрмысы тұра­лап, шаруасы шатқаяқтаған аза­маттарға «Қарызсыз қоғам» жобасы қолдау көрсетуде. «AMANAT» пар­тия­сының жаны­нан құрылған бұл жоба биылдың өзінде 860 мыңға жуық азаматтың өтінішін қабылдаған. Бұл жоба  аясында Қызылорда облысы тұрғындарына да көмек көрсетуде. Мәселен, биылғы жылдың өзінде 34755 адамға заңгерлік тегін көмек көрсеткен.

Шетелдерде азаматтардың қаржы­лық сауаттылығын арттыру жүйелі жолға қойылған. Жапонияда 2007 жылдан бастап балаларға қаржы сауат­тылығы, ақшаны басқару пән ретінде оқытыла бастаған. Оқу материалдарын жасаған кәсіпкерлер, экономист, қаржы саласының мамандары «Балалар 6-7 жасынан бастап қызмет құны, бюджет аясында сатып алуды үйренеді» дейді. Мұндай пән Чехия елінде де бар екен. «Financni gramotnost» деп аталатын пән балаларға ақшаның не екенін, жеке кіріс пен шығынды бөлу, бақылау және реттеуді оқытады. Сондай-ақ ақша жинау, кәсіп ашу туралы ақпарат береді. Соңғы айларда елімізде банктер­дің несие пайызы айтарлықтай өсті. Тұтынушылық несиенің мөлшерле­месі 25 пайыз, кей жағдайларда одан да көп. Сонымен бірге депозит­тің базалық мөлшерлемесі де 20 пайыз сыйақы ұсынып отыр. Мұн­дай жағдайда қарыз алу тиімсіз, отбасылық бюджетке сал­мақ түсіре­тіні сөзсіз. Ал керісінше депозитке жинау табысты болудың құралына айналғандай. Демек, қазір ақша жи­найтын уақытқа келі

Думан КЕҢШІЛІК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: