Сенбі, 28 ақпан, 01:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты – сенім кепілі

28.02.2026

38 0

«Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мем­лекеттік мекемесінде «Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты» тақыры­бында семинар өтті. Семинар барысында қаржы­лық есептілік аудитінің мәні мен маңызы, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері жан-жақты талқыланды.

Атап айтқанда, аудиттің негізгі мақ­саты – қаржы жағдайы, қаржы жағ­дайындағы өзгерістер мен қызмет нәтижелері туралы толық және анық ақпарат беру, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің дұрыстығы мен анықтығын тексеру, ұйымның қар­жылық-шаруашылық қызметіне объек­тивті баға беру, сондай-ақ мүдделі тараптарға сенімді ақпарат ұсыну керек екендігі түсіндірілді.

Сонымен қатар мемлекеттік ме­ке­ме­лердегі бухгалтерлік қызметтер мемлекеттік мекемелердің бухгалтер­лік есеп пен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республика­сының заңнамасының сақталуын, қар­жыландыру жоспарының орындалу барысын, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысудың жағдайын, ақша қаражаты мен материалдық құнды­лық­тардың сақталуын бақылау үшін толық және нақты ақпаратпен мем­лекеттік мекемелерді бюджеттік бағ­дарламалардың әкімшілері қамтама­сыз етуі тиіс екендігі айтылды.

Қаржылық есептілік аудиті Қазақстан Республикасы Қаржы ми­нистрі­нің 2017 жылғы 1 тамыздағы №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржы­лық есептілік нысандарын және олар­ды жасау мен ұсыну қағидаларын бекі­ту туралы», Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітіл­ген «Қаржылық есептілік аудиті» рәсімдік стандарттары, «Мемлекеттік мекеме­лерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы ми­нистрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 бұйрығының талаптарына және ұсынылған құжаттарға сәйкес жүргізі­летіндігі атап өтілді.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты. Бұл іс-шара тыңдаушы­лардың кәсіби біліктілігін арттыруға және аудит саласындағы теориялық әрі практикалық білімдерін тереңдетуге ықпал етеді.

Нұрсұлтан СҰЛТАНБЕКОВ,

 Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қаржылық есептілік аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: