Сейсенбі, 17 маусым, 14:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44, 2157
17.06.2025
PDF мұрағаты

Қауіпсіздік – басты орында

17.06.2025

69 0

Су айдындарындағы қауіпсіздік басты назарда болуы керек. Өңірде қауіпті деген санатқа жататын 63 аймақ тіркелген. Бүгінде мұндай нысанның әрбірін құтқарушылар жіті қадағалап отыр. Тіпті алғашқы медициналық көмек көрсетуді де үйретіп, ең бірінші қандай қадамға бару керегін халыққа түсіндіруде. Төтеншеліктер ұйымдастырған осындай іс-шараның бірі «Арай» қалалық аквапаркі базасында өтті.

Мұнда құтқарушылар мен медицина қызметкерлері судағы төтенше жағдайлардың алдын алу, шұғыл әрекет ету және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін көрсетті. Мұндай сабақтар тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған. Дәл осы бағыттағы сабақтар мектептердегі жазғы балалар лагерьлерінде де өтіп жатыр. Аталған жұмыстар лагерьлердің жұмысы аяқталғанға дейін жалғасады.


– Сырдария өзені мен облыс аумағындағы басқа да су айдындарында азаматтардың суға кету фактілері көбіне қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу салдарынан орын алуда. Атап айтқанда, тұрғындардың өзендер мен каналдардың кез келген, зерттелмеген тұстарында суға түсуі, спирттік ішімдік ішіп суға шомылуы, балалардың ересектердің қарауынсыз су жағасына баруы мен жүзе алмауы – қайғылы жағдайлардың басты себептері. Сондай-ақ соңғы жылдары ұжымдар мен оқу орындарына қарасты жастардың жаз мезгілінде табиғат аясында, өзен-көл жағасында демалыс ұйымдастыруы жиілеген. Алайда мұндай демалыстардың кейбірі өкінішке қарай қайғылы оқиғалармен аяқталатыны қынжылтады, – ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасы аға офицері Нұржігіт Бердібекұлы.


Мамандар бұл ретте аянбай еңбек етіп келеді. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өңірдегі қауіпті аймақтарға 149 ескерту тақтайшасы мен билбордтар орнатылған. Айта кету керек, жазғы маусымда облыс бойынша 8 балалар лагері жұмыс істейді. Олардың әрбірінде қауіпсіздік сақтау бағытында арнайы сабақтар өткізіліп тұрады.


«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: