Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Ақмешіт шағын ауданындағы №16 кітапхана мен А.Байтұрсынов атындағы №211 орта мектеп бірлесіп «Қазақ хандығы – Тәуелсіздік бастауы» атты тарихи-танымдық кеш өткізді. Қазақ хандығының 560 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.
Қазақ хандығының құрылғанына – 560 жыл. Бұл тарихи белестің өскелең ұрпақ жадына жаңа қазақстандық патриотизмді сіңіруде айрықша рөлге ие. Қазақ хандығының туы көтеріліп, қалыптасып, дәуірлеуі жолында қаншама хандар мен сұлтандар, батырлар мен би-шешендер шейіт болды. Олардың рухына тағзым ету, ата-бабамыздың асыл аманатына адал болу, тарихымызды дәріптеу – бүгінгі ұрпақтың парызы.
Кеш Қазақ хандығының құрылуы жайлы бейнеролик көрсетілімімен басталды. Шараны ашқан А.Байтұрсынов атындағы №211 мектеп директоры Айжан Шорабекқызы жас ұрпаққа төл тарихымызды танудың маңыздылығын атап өтті. Ал тарих пәнінің мұғалімі Ж.Байғараева Қазақ хандығының құрылуы, күшеюі, ел билеген хандар жайлы тарқатып айтты.
Қазақ хандарының шеруі өтіп, оқушылар хандардың тарихымызда қалдырған қызметі мен жүргізген саясаты туралы шолу жасады. Сонымен қатар «Тарихыңды таны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы Шынар Жақсылыққызы библиографиялық шолу жасады. Шара соңында жас оқырмандар өз өнерін көрсетті.
Шынаркүл КҮЛМАҒАНБЕТОВА,
№16 кітапханының кітапханашысы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!