Дүйсенбі, 31 наурыз, 17:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22,2135
29.03.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандағы IT-нарық:  Әзірлеушілердің жалақысы қандай?

29.03.2025

599 0

Қазақстанда IT-мамандарға сұраныс артып келеді, ал олардың жалақысы жыл сайын өсуде. «Kolesa Group» жүргізген зерттеуге сүйенсек, еліміздегі әзір­леушілердің 74%-ы қазақстан­дық IT-компанияларда жұмыс істейді, 14%-ы ше­телдік компанияларда, ал 12%-ы қа­шықтан еңбек етеді. Жалақы деңгейі маманның тәжірибесіне байланысты. Ор­таша айлық жалақы – 1220000 теңге, медианалық жалақы – 960000 теңге. Ең көп табыс табатындар – iOS әзірлеушілері, олардың жалақысы 2100000 теңгеге дейін жетеді. Ал ең төменгі жалақы 160000 теңге шамасында. Тәжірибесі үш жылдан асқан мамандардың жалақысы күрт өседі, себебі компаниялар білікті кадрларды көбірек бағалайды. Жұмыс форматы да өзгеріп жатыр. 36%-ы аралас режимде, 33%-ы кеңседе, ал 26%-ы қашықтан жұмыс істеуді жөн көреді. Бұл қашықтан жұмыс істеуге сұраныс тұрақты екенін көрсетеді, бірақ көптеген маман үшін кеңседегі жұмыс пен командалық өзара әрекеттестік маңызды болып қала береді. Қазақстанда IT сала барған сайын құрылымдалып, жалақы деңгейі мен талаптар жоғарылауда. Халықаралық нарыққа шығу мүмкіндігі артып, білікті мамандарға сұраныс күшейіп келеді. Бұл трендтер еліміздегі IT индустрияның болашағы айқын әрі әлеуетті екенін дәлелдейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: