Сенбі, 19 сәуiр, 21:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28,2141
19.04.2025
PDF мұрағаты

Қоғамдық кеңес халық үні бола ала ма?

19.04.2025

77 0

Кеңесіп пішкен тон келте болмайтындай кез келген мәселені талқыға салып шешім шығаруда қоғамдық кеңестің маңызы ерек. Облыс әкімдігінің мәжіліс залында қоғамдық кеңестің бірінші отырысы өтті. Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеумібетов қатысқан шарада жаңадан сайланған коғамдық кеңес мүшелеріне куәлік табысталды.

Қоғамдық кеңес құрамындағы жұмысшы топқа азаматтық қоғам қалыптастыруға үлес қосатын белсенділер тартылған. Кандидаттар арасынан жеке сұхбат арқылы іріктеліп алған кеңес мүшелері ішінде мемлекеттік қызметкерлер де бар. Жалпы құрамы 32 адамнан тұратын топта халықтың ортасында жүріп, ел мүддесін жеткізуге ықпал ететін, өзіндік пікірі бар тұлғалар жиналды.

Әлем экономикасы тұралап тұрған шақта Президент көрпеге қарай көсілуді тапсырған еді. Биылғы жаңа бюджет кодексін негізге ала отырып жұмыс жүргіземіз деген Айнұр Тұңғышбаева бұқаралық ақпарат құралдары атынан қоғамдық кеңеске мүше болды.

– Өткен жылы құқық саласында қызмет атқардым. Жаңа қоғамдық кеңесте бюджет саласы жүктелді. Мақсатымыз қаржының тиімсіз жұмсалуын болдырмау. Өткен жылы осындай кемшіліктер балабақша мен арт-спорт саласында байқалған еді. Бөлінген әрбір қаржы халық игілігіне жұмсалсын деген мақсатпен қадағалау жұмысын қатаңдатамыз, – дейді ол.  

Қоғамдық жобалар саласында да мониторинг пен тал­дау жүргізу үшін жоспар әзірленуде. Жоспар аясында жоба­ларды құқықтық сараптаудан өткізіп, азаматтық қоғам өкілдерімен тыңдау өткізіледі. Алғаш рет қоғамдық кеңеске мүше болған Шакизат Қаратайұлы кемшілік анықталған жағ­дайда уәкілетті органдарға ұсыныстар жолдаймыз, – дейді ол.

– «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлес­тігінің атынан қоғамдық кеңеске мүше болу мен үшін үлкен сенім мен жауапкершілік. Қоғамдық жобалардың сапалы жүзеге асуын бақылауда қоғамдық кеңестің рөлі маңызды. Кеңес тек кеңесші орган ғана емес, соны­мен бірге қоғам мен билік арасындағы ашықтық пен сенім­ділікті арттыратын маңызды құрылым. Құқықтық қамта­масыз ету жөніндегі салалық комиссияның мүшесі ретінде біз жобалардың құқықтық негізде жүзеге асуын, заң талап­тарына сәйкестігін басты назарда ұстаймыз, – деді ол.

Кеңес мүшелерінің ұсынысымен Ы.Жақаев атын­дағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу инс­титутының бас директоры Сұлтанбек Тәуіпбайұлының кандидатурасы қолдау тауып, ашық дауыс беру арқылы облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды.

Жұмысшы топтың әлеуетін дамыту жолында қоғамдық бақылаудың пәрменділігін нығайту, халықтың жергілікті басқаруға деген сенімін қалыптастырады. Дегенмен қоғамдық кеңес тиімділігі белсенділердің тәуелсіздігі мен халықпен етене араласуына байланысты.

Думан КЕҢШІЛІК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: