Бейсенбі, 26 желтоқсан, 10:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қос мәселе шешімін табады

27.04.2024

1352 0

Осы аптада қалалық мәслихаттың әлеуметтік сала және қоғамдық қауіпсіздік, бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Комиссия отырысына қалалық мәслихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев төрағалық етті. Бірлескен комиссия отырысында «Қала аумағында орналасқан қоғамдық орындар мен базарлар, сауда орындары және әлеуметтік нысандарда, қолайсыз аймақтарда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау талаптарының сақталуы» және «Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау, инвестиция тарту, өндіріс орындарының ашылу мәселелері туралы» мәселелері талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Сыздықова баяндама жасап, қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау талаптарының сақталуына тоқталды.
– Базарлар мен сауда үйлеріне тұрғындар тарапынан арыз-шағымдар тіркелген жағдайда және құқықтық органдардың талаптарына сәйкес, басқарма тарапынан жоспардан тыс тексерулер жүргізіледі. Базарлар мен сауда үйлерінде санитариялық қағидалар талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіліп отырады, – дейді басқарма басшысы.
Сондай-ақ депутаттар тарапынан қалаға қарасты қолайсыз аймақтарда көктемгі-күзгі кенелерге қарсы дезинфекция жұмыстарының мердігер мекемелер тарапынан сапалы жүргізілуін бақылау, кене шағу фактілеріне қатысты қауіпті аймақтардағы сақтандыру шаралары қатаң бақыланып, түсіндірме жұмыстары көбірек жүргізілуі, базарлар мен сауда үйлеріндегі санитарлық талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу мақсатында депутаттармен бірлесе топ құрып, жұмыс істеуді қолға алу жөнінде ұсыныс айтты.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін атқарушы М.Жетілгенов баяндама жасады.
– Осы жылдың 1 сәуіріне дейін қала бойынша тіркелген кәсіпкерлердің саны 33 507-ге жетіп, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар үлесі 93,6%-ды құрады. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 66 450 адамды құрап, өсім 2%-ға ұлғайды. Сондай-ақ 527,4 млн теңгеге өнім өндіріліп, өсім 8%-ға артты.
Өткен жылы қала көлемінде құны 1,9 млрд теңгені құрайтын 4 өндіріс орны ашылып, 130 жұмыс орны құрылды. Ал биыл шыны зауытының ішінен қуаттылығы жылына 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін жаңа желі іске қосылады. Бүгінгі күні қондырғылардың бәрі толық жеткізіліп, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілді. Бұған қоса, құны 26,2 млрд теңгені құрайтын 2 жобаның жобалау жұмыстары басталды.
Қалада орналасқан әмбебап сауда базарларын жаңғырту жұмыстары өз жалғасын табуда. Осының аясында 7 млрд теңге, оның ішінде биыл 3 млрд теңге инвестиция тарту көзделуде. Қала аумағындағы 3 әмбебап базары «Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі» жол картасына енгізілген болатын. Оның ішінде «Асбол» базары бойынша құрылыс алаңы дайындалған. Осы жылдың мамыр айында жобалау-сметалық құжаттамасы мен жұмыс жобасы аяқталады. Ал «Сұлтан-2» және «Сыбаға» базары бойынша жоспарға сәйкес жобалау-сметалық құжаттамасы, жұмыс жобасы әзірленіп, эскиздік жобасы бекітілді. «Сұлтан-2» базары алаңында құрылыс салынатын алаң босатылды, құрылыс жүргізілетін жер өлшеніп, қазу жұмыстары жүргізілген, – дейді бөлім басшысының міндетін атқарушы.

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: