Сенбі, 12 шiлде, 05:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51,2464
12.07.2025
PDF мұрағаты

Құны – 975 млн теңге: Жаңа автовокзал өз бағасына сай ма?

12.07.2025

54 0

Қызылорданың сол жағалауындағы сәулеті келіскен жаңа автовокзал өткен жылы пайдалануға берілді. Жалпы құны 975 миллион теңгені құрайтын бұл нысан бүгінде толыққанды жұмыс істеп тұр. Жолаушыларды алыс-жақын сапарларға жөнелтіп, заманауи талапқа сай қызмет көрсетуде. Жаңа  автовокзалдың тыныс-тіршілігін көріп қайттық.

Сапа мен талап

Мұнда жақындағаннан-ақ за­манауи ар­хиктектура мен жаңа стильдегі жоба бірден көзге түседі. Ғимарат іші де көңіл қуантады. Жолаушылар үшін барлық жағдай жасалған. Кең әрі жарық күту залы, ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт, жүргізушілерге арналған тынығу бөлмесі, асхана, гар­дероб, диспетчерлік бекет және жүк сақтау камералары, тіпті намаз оқи­тын бөлмеге  дейін бар. Ең бастысы,  бәрі де талапқа сай жұмыс істеуде. Ана мен бала бөлмесі таңғы 8:00-ден кешкі 21:00-ге дейін ашық. Бала мен ана үшін қажет­ті жабдықтар қарастырылған. Сондай-ақ жолаушылардың қауіп­сіздігі мен денсаулығы да басты орында. Ғимарат ішіндегі медициналық пункт алғашқы көмек көрсету талабына сай жаб­дықталған. Жолға шығар алдында өзін жайсыз сезінген кез келген жолаушы бұл жер­ден тегін тексеруден өте ала­ды. Асхана қызметі де іске қосылды. Санитарлық талаптар мұқият сақталып, өнімдердің жарамдылық мерзімі жіті бақы­ланады. Ғимарат ішіндегі шағын дүкендерге де бас сұқтық. Мұн­да баға қымбат емес екен, базар бағасымен бірдей.

Бүгінгі таңда жаңа авто­вокзал­дан облыс­аралық және ауданаралық бағыттар бойын­ша күн сайын бірнеше рейс қатынайды. Сонымен қатар ха­лықаралық бағыт – Қызылорда-Ташкент арасын­дағы ав­тобус рейсі де бар. Бұл бастама аймақта туризм мен экономика­лық байланысты нығайтуға тың серпін береді, – десек болады.

Автовокзал күн сайын орта есеппен 200-ге жуық жолау­шы­ қабылдайды. Сағат сайын­ғы қозғалыс бұл нысанның сұ­ранысқа ие екенін көрсетеді.

Автовокзал ішіне бейне­бақылау орнатылып, тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл – қоғам­дық тәртіпті сақтауға арналған маңызды тетік. Сонымен қатар мүгедектігі бар жандарға ар­налған заманауи лифт те орна­тылған. Бұл – инклюзивті орта құру жолындағы маңызды бастама.

– Ең бастысы – сапа мен талап. Біз жолаушылардың қауіп­сіздігін де басты назарда ұстаймыз, – дейді Қызылорда автобус паркі директоры­ның орынбасары Жансұлтан  Елшекенов.

Жүргізушілерге де жақсы жағ­дай жа­салған. Арнайы ты­ны­ғу бөлмелері қарас­тырылып, рейс алдындағы дема­лыс уақы­ты қамтамасыз етіл­ген. Әсіре­се, алыс жолға шық­қанда екі жүргізуші көлікті кезек­пен жүр­гізеді. Бұл – жол қауіпсіздігін арттыруға арналған жүйелі шара.

– Басты талап – мәдениетті­лік пен жо­лау­шыларға деген құрмет. Автобус жүр­гізу­шілері сыпайы әрі мәдениет­ті қарым-қатынас қалыптас­тыруы тиіс, – дейді Жансұлтан Бекназарұлы.

Айдана БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: