Құқықтық мониторинг – бұл норма шығармашылық ретінде, сол сияқты құқық қолдану практикасында да қолданыстағы құқықтық жүйені кешенді бағалау бойынша тұрақты жүйелі қызмет.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» заңына сәйкес құқықтық мониторинг ҚР Заңнамасына қайшы келетін, ескірген, сыбайлас жемқорлық және тиімді іске асырылмайтын құқық нормаларын анықтау, сонымен қатар оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу арқылы заңнаманың тиімділігін бағалау мен болжау мақсатында жүргізіледі.
Өз кезегінде құқықтық мониторинг жүргізу тәртібі «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі №471 бұйрығымен нақты айқындалған.
Норма шығармашылық кез-келген мемлекеттік органға берілмеген қызмет, оны қабылдауға тек заң шеңберінде ғана мемлекеттік басқару органдары құқылы. Ал нормативтік құқықтық актілерді қабылдап, оны тиімді қолдану жеке мүдденің мәселесі емес, сондықтан барлық қабылданған нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Конституциясына өзге де заңнамалық актілерге негізделуі тиіс және ең бастысы, адам мен азаматқа және қоғам игілігі үшін қалтқысыз қызмет етуі қажет. Ол үшін нормативтiк құқықтық актiлердің тұрақты әрі сапалы мониторингінің атқаратын ролі ерекше.
Әділет департаменті нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру бойынша жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен шаралардың уақытылы қабылдануын бақылайды және құқықтық мониторинг жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Бижан САПАРБЕКОВ,
Әділет департаментінің нормативтік
құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!