Сейсенбі, 09 желтоқсан, 01:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94 (2206)
09.12.2025
PDF мұрағаты

Құрылыстың сапалы болуы маңызды

09.12.2025

41 0

Осыдан бірнеше жыл бұрын шаңы көтеріліп жататын сол жағалау қазір адам танымастай өзгеру үстінде. Дарияның арғы бетінде құрылыс қарқынды. Тек 5 қабатты қызыл үйлер қатарын қазір 7,9 қабаттан тұратын заманауи тұрғын үйлер толықтырды. Тұрғын үйлерді халық игілігіне сапалы, уақытылы тапсыру – басты міндет. Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, қала әкімі Нұржан Ахатов және тиісті сала басшылары құрылыс алаңының жай-күйін көрді.

Бұл жолы делегация тұрғын үй кешендері мен спорттық инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысымен танысты. Алдымен сол жағалаудағы 9 қабатты тұрғын үйге бас сұқты. Жалпы ауданы 7011 шаршы метр болатын тұрғын үй 120 пәтерден тұрады. Қала бойынша тұрғын үй қорын арттыру және азаматтарды қолжетімді баспанамен қамту бағытындағы стретегиялық жобалар қатарына кіретін нысанда бір бөлмелі 18, екі бөлмелі 66, үш бөлмелі 36 пәтер бар.

Инфрақұрылымның қолайлылығына баса мән берген тұрғын үй нысандарының жобасы талапқа сай жүргізілуде. Құрылыс алаңындағы құрылысшылармен кездескен облыс әкімінің орынбасары мен қала басшысы мерзімдік жоспарлау мен қауіпсіздік талаптарының орындалу барысын талқылады.

Заманға сай спорттық нысандардың бұқаралық спортты дамытып, жастарды спортқа тәрбиелеуде маңызы зор. Мұнан соң құрылысына 2,9 млрд теңге бөлінген дене шынықтыру-сауықтыру кешініне барды. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен құрылысы жүріп жатқан бұл нысанда бір мезетте 131 спортшы жаттыға алады. Айта кетейік, нысанның бірінші қабатында волейбол алаңы орналасса, екінші қабатта күрес және басқа да залдар бар.

Құрылыстың сапалы болуы маңызды

Бақылау тобы аралаған келесі нысан – Титов шағын ауданындағы әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін бой көтерген 5 қабатты тұрғын үй. 135 пәтерден құралған тұрғын үйдің  сапасы, инженерлік жүйелері мұқият тексерілді. Мұндай жобалардың уақытылы аяқталуы тұрғындардың әл-ауқатын арттыратыны сөзсіз. Жаңа тұрғын үйде 35 бір бөлмелі, 80 екі бөлмелі, 20 үш бөлмелі пәтер бар.

Бой көтеріп жатқан нысандар инфрақұрылымды дамытып, халықты баспанамен қамтуға бағытталғанын атап өту керек. Сонымен бірге спорттық нысандар да жастардың дамуына серпін беретіні сөзсіз. Жобалар кесте бойынша орындалып, сапаға мән берілуде. Құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталып, тұрғындар игілігіне берілмек.

Ақмешіт-ақпарат

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: