Жексенбі, 22 наурыз, 01:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

«Құзыреттілік орталығы» ашылды

22.03.2026

32 0

2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылына орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр аймақта «Құзыреттілік орталығын» салуды тапсырған болатын. Республикада алғаш рет мұндай нысан Сыр өңірінде ашылды.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, тұрғындарды  жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады. 

– Мемлекет басшымыздың тапсырмасымен салынған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға арналған сәулетті, жаңа заманауи «Құзыреттілік орталығын» ел игілігіне табыстаудамыз. Қаламызға көрік беретін жаңа, әсем ғимаратымыз құтты болсын! Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қоғамның түрлі саласын білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Бұл – экономиканы дамыту және инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін қажетті бастама», – деп атап өтті. Өткен жылы Президентіміз «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өңірлерде «Құзыреттілік орталығын» салуды тапсырған болатын. Елімізде баламасы жоқ, бірегей орталық республика бойынша алғашқы болып аймағымызда бой көтерді. Орталық бизнес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған ортақ алаң болады. Жұмысшы мамандықтар мәртебесін көтеріп, қоғамда еңбек адамдарын танымал етуге, дәрежесін көтеруге, ең үздік қоғамдық және өндірістік дәстүрлерді анықтап мәртебелеуге, жастарды кәсіби еңбекке баулуға бағытталған орталық ел игілігіне қызмет ете берсін! Жұмысшы мамандықтарының бағалануы – бұл елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына оң әсер ететін маңызды қадам. Аймағымызда білім беру саласына 2022-2025 жылдары 1 трлн 159 млрд теңге, биыл 302 млрд 196 млн теңге қаралды. 2022 жылдан бері 43 жаңа заманауи білім беру нысаны салынып, пайдалануға берілді. Баршаңызды қаламызға таңғажайып көрік берген, заманауи сәулетімен ерекшеленетін «Құзыреттілік орталығы» ғимаратының салтанатты ашылуымен шын жүректен құттықтаймын, – деді аймақ басшысы.

 «Құзыреттілік орталығы» заңсыз сыртқа кеткен активтер есебінен салынған. Екі қабатты, 1000 орындық жаңа ғимарат кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының тәжірибе алаңына айналмақ. Еңбек нарығына сай сұранысқа ие мамандар осы жерде даярланады. Орталықта инновациялық жобалар көрмесі мен өңір тарихынан сыр шертетін залдар қарастырылған. Мұнда студенттер тек білім алып қоймай, ірі бизнес өкілдерімен тікелей байланыс орнатады.

А.БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

Суретті түсірген Нұрболат Нұржаубай

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: