Сенбі, 22 ақпан, 15:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

Қылмыстың алдын алу нәтижеге жеткізеді

22.02.2025

93 0

Жол қателікті кешірмейді деп жатамыз. Қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан болған талай қайғылы жағдай бар. Масаң күйде рөлге отыру қылмыспен тең. Жол-көлік оқиғасының көбі осы себептен және жылдамдықты шамадан тыс арттырудан болады. Осы аптада Өңірлік коммуникация алаңында Қызылорда облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ердәулет Жаукеев журналистермен кездесуде біраз мәселеге тоқталды.

– Жол көлік оқиғаларының алдын алу бағытында біршама іс шаралар нәтиже беруде. Мұны алдыңғы жылмен салыстырғандағы келеңсіз жағдай­лар­дың азайғанына көруге болады. Қазіргі таңда жол апатына әсер ететін құқық бұзушылықтарды алдын ала анықтауға басымдық беріледі, – Ердәулет Баянбайұлы

Бұл ретте полиция қызметі тарапынан  «Қауіпсіз жол», «Қауіпсіз аймақ»  іс-шарасы да ұдайы ұйымдастырылып келеді. Соның нәтижесінде бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстар 7,9 пайызға төмендесе,  оның ішінде соттылығы жойылмағандармен 20 пайызға азайған. Ал 22,2 пайыз топпен жасалған қылмыстар да профилактикалық жұмыстар әсерінен төмендеді.

– Бұл жылды Ішкі істер министрлігі «қылмысқа қарсы профилактика жылы» деп жариялады. Аталған бастаманың мақсаты – қоғамдық тәртіпті нығайту, қылмыстың алдын алу және құқықтық мәдениетті арттыру. Құқық қорғау органдары қылмыстың алдын алу шараларын күшейтіп, халықпен өзара іс-қимылды жақсартуды көздейді, – Е. Жаукеев.

Думан КЕҢШІЛІК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: