Сенбі, 28 ақпан, 01:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

Қыстың соңғы күндері немесе қала қарбаласы

28.02.2026

31 0

Биылғы қыс жұмсақ болды. Үш айда соншалықты қытымыр мінез көрсеткен кезі аз. Тіпті «бет қаратпай теріс айналдыратын» сарышұнақ аязға үйренген елордалықтардың өзі биылғы қыс қатты асау мінез байқатпағанын айтып жүр. Жаймашуақ қыс күндерінде көктем лебін сезіне бастаған сәтте ақпанның ашуын көрдік.Табиғаттың тосын мінезі әп-сәтте-ақ абдыратып тастады.  Екі күннің ішінде қар аралас жаңбыр, ұйытқыған жел, көк мұз қала тіршілігіне кедергісін келтірмей қоймады. Электр желілері үзіліп, жарық өшті. Бұтақтарына мұз қатқан ағаштар иіліп қалды. Кейбірі морт сынды. Ақпан әлек салғанда қаланың коммуналдық сала қызметкерлері қыс дайындығына қаншалықты әзір екенін көрсетті. Сала сарбаздары сақадай сай екен, техника да, жұмысшылар да аянбай еңбек етті. Қала көшелері қар мен мұздан тазартылып, жарық желілері қалпына келді. Кешелі бері қала көшелерін тазалау жұмысына барлығы 320 адам, 70 техника жұмыс істеді. Тынымсыз жұмыс нәтижесіз емес. Қарбаласқа толы қалада тұрғындар жайлылығы үшін жүйелі жұмыс жүруде. Әрі қарай шұғылалы көктем келетіні көңіл қуантады.

«Ақмешіт-ақпарат»

Қыстың соңғы күндері немесе қала қарбаласы
Қыстың соңғы күндері немесе қала қарбаласы
Қыстың соңғы күндері немесе қала қарбаласы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: