Сенбі, 08 ақпан, 03:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№10,2123
08.02.2025
PDF мұрағаты

«Қытай базары» қайдан келген?

08.02.2025

10 0

Бейбарыс сұлтан көшесінің бойымен таксиде келе жатып, үлкен әріппен қып-қызыл түсте «Қытай базары» деген жазуды көзім шалды. Тіпті маңдайшада қытай тіліндеде жазу бар. Негізі межелі жеріміз басқа еді, дереу көлікті тоқтатып, сол жерден түсіп қалдық. Сондағы ойымыз қазақы өңірдің төрінде дәл бұлай неге жазылған? «Қытай базары» көшіп келген бе? Неге «қытайлық заттар дүкені» деген тәрізді ат қоймады? Маңдайшада тұрған орыс тілінің өзін «орның әне» деп көрсетіп екінші қоямыз, ал қытай тіліндегі жазу…

«Қытай базары» туралы ақпарат алу үшін тікелей базарға барып, қызметкерімен және басшысымен сөйлестік. Айтуынша, өткен жыл­дың аяғында ашылыпты. Мұн­дағы заттардың дені – ха­лықтың күнделікті тұрмыста қол­данатын қажетті дүниелер. Әйтсе де әңгіме арасында базардың маң­дай­ша­сындағы қытайша жазу ойымнан кетпей қойды. Базар басшысы Венг Ханг:

– Ол жазуда тұрған еш нәрсе жоқ. Бұл «Қытай базары» деген сөз. Тек қытай тілінде жазылған, – деді ол.

Мұнда тұрмыстық техникадан бастап, аяқ киім, ойыншықтар, жеке гигиеналық заттар, пластик ыдыстары, электроника өнімдері және тұрмысқа қажетті әртүрлі тауарлар сатылады. Келушілердің айтуынша, бағасы арзан дейді. «Қытай базары» өз тауарларын тек облыс орталығында ғана емес, Арал, Қазалы аудандары мен Байқоңыр қаласына да жеткізіп үлгеріпті.

Мейлі, заң шеңберінде шығар… Бірақ бізді ойландырғаны – дүкен маңдайшасында сөз қытай тілінде жазылғаны. Маңдайшаға жазудың да жөні бар шығар?! Тиісті орын­дар, ономастикалық мәселелерді қарайтын мекемелердің назарға алғаны жөн болар…

Тоғжан КАМАЛ,

Гүлжайна ӘБДІЛЛАЕВА,

Қожа Ахмет Ясауи атындағы

халықаралық қазақ-түрік

университетінің студенттері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: