– Ал құтты болсын, – деді әкім Кәмиләнің қолын қысып тұрып.
Көп жылдан бергі арманы пісте мұрын Бәтима зейнетке шыққан соң, орындалып жатқанына өзі де қатты қуанған. Осының орнын басам деп, он бес жыл орынбасар болыпты. Енді міне, қолға түскен қызметке отырып жатыр. Білдей ауданның әкімі Мыржық келіп, қолын алып отырғызған соң Кәмиләнің абыройы аспандамай қайтсін?!
Әкімді аман-есен жіберген соң, Бәтимадан қалған көне-қоқсыны шығарып тастауға бекінді. Бастық болған соң ләпбай деп жүргені болмаса, іштей жаншып тұратын. Бүгін міне, енді бұрынғыдай бас шұлғитын орынбасар емес, бәрін шешетін, сағаттап өсетін басшы болмақ… Ойын енді жинақтай бергені сол еді, есік қағылды. Арғы жақтан басын қылтитқан сыныптасы Әтіркүл:
– Кәмилә Қырсықбайқызы, кіруге бола ма? – деп ыржиды.
Бала күнгі құрбысы жанына қалаға қадамы жетпей, ауылда қалған сыныптастарын жинап алыпты. Ең соңында алғашқы махаббаты Көтібар келе жатыр. Дәп-дәу, бірақ көз тартатын қып-қызыл креслоны көтеріп алыпты. Сыныптастар екі жаққа бөліне кетті де, ортада ашық есіктен қызыл креслоны құшақтаған Көтібар кіріпкелді ғой… Апырмай, Кәмиләнің сондағы беті ана қызыл былғарыдан бетер қызарды. Алғашқы махаббаттан мұндай құрмет күтудегенің…
Көтібар үнсіз ғана Кәмиләні бетінен сүйіп құттықтады да, көне орындықты итеріп тастап, орнына қып-қызылын қойды.
– Жаңа қызметті жаңа орындықта баста. Сен осындай сыйға лайықсың, – дегенде ысқырықтан жел тұрып, шапалақтан дауыл соққандай еді…
Кәмиләнің көңіл-күйі жоғары. Тағайындалған күннен бастап, жамбасы жайлы жерде.Көтібар сыйлаған қызыл орындық оның бастықтың бейнесін асқақтатып жібергендей. Күн сайын таңертең қызметкерлердің бәрін жинап алып, шетінен үйіп-төгіп тапсырма береді. Дүйсенбі мен жексенбінің арасын сенбілі кетіп қойды. Тынымсыз жүгіріп кеткен қызметкерлер баяғы онның шәйі мен бестің шәйі арманға айналған былай тұрсын, бір-бірімен әңгімелесуден қалды. Ал Кәмилә күнделікті жұмысқа келіп, аппақ майлығымен алдымен қызыл орындықты бірсыйпайды.
Бір күні ауданның әкімі Мыржық ауылға келеді деген хабар тарады. Шұғыл тарағанына қарағанда, не біреуді орнынан алып тастайды, не біреуді көтереді. Ал ауылдағы шөпкетышарлар оның сапары туралы ести сала дереу жжет ікүлше пісіріп, таратып жібереді. Осының бәлесі менен аулақ болсын дедіме, ауыл жеті күлшеге көмілді сол күні.
Кәмилә кабинеттен шықпай қалды. Орынбасары Күлшәйді шақырып алды.
– Не болып жатыр екен? Не үшін келіпті?
– Білмедім, дәл қазір ауылдың әкімдігінде жиналыс деді. Содан соң мектепке соғады екен.
– Бізге ше?
– Бізге соңынан деді.
Бойы бір қарыс болғанымен, аты жеті қат жерге тараған Мыржық қадалған жерден қаналмай қоймайтын. Бұл мінезіне қарап, ауыл түгел үйреніп алған. Біреудің жанын алуға келген Жәбірейілдей көреді.
Кәмиләнің кәбинетінде жүрегінің дүрсілі мен сағаттың тықылы ғана естіліп тұрды. Есік қағылғанда оның да жүрегі тоқтағандай еді… Аудан әкіміМыржық, ауыл әкімі мен мектеп директоры кіріп келді.
– Кәмилә, біз қателесіп кетіппіз. Бұл орынға облыстан бір мықты келе жатыр. Айы петпеңіз, – деді Мыржық…
Кәмилә сол күні үйіне жедел жәрдем көлігімен жетті. Ал жұмыс аяғындабаяғы қызыл орындықты арқалап, Көтібар мәдениет үйінен шығып бара жатты…
Қошқарбай
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!