Жексенбі, 29 желтоқсан, 01:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ғылыми сарапшылар бас қосты

07.10.2024

364 0

Бүгін Қызылорда қаласындағы Достық үйінде «Референдум қорытындысы – ұлт барометрі» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының отырысы өтті.

Оған зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, этномәдени бірлестіктер, облыстық ҚХА құрылым мүшелеріжәне БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Тарих» кафедрасының профессоры, тарих  ғылымдарының кандидаты ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Айтжан Оразбақов ашып, жүргізді.

ҒСТ мүшелері Дәулет Омаров, Аман Абасилов кешегі Референдумның сәтті өткізілуі және елімізде «естуші мемлекет» қағидасының жүзеге асуының көрінісі екеніне тоқталып, энегрия тәуелсіздігін орнықтыруда АЭС-тің маңызына тоқталды.

Сондай-ақ, ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері Т.Телеубаев, Ә.Жаппасбаев, Қ.Жарекеев, А.Абдулхасановтар күні кеше елімізде өткен Референдумда қазақстандықтар жаппай дауыс беруге қатысу арқылы бірлік пен азаматтық жауапкершілікті көрсетіп, бұл оқиға республикалық деңгейде шешімдер қабылдау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ететін тікелей демократияның бір түрі ретіндемаңызды рөлін атап өтті.

Қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Жиын соңында ғылыми-сарапшылық топ мүшелері бүгінгі отырыстың мақсаты туралы БАҚ өкілдеріне

Достық үйінде «Референдум қорытындысы – ұлт барометрі» тақырыбында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобының отырысы өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, сарапшылар, этномәдени бірлестіктер, облыстық ҚХА құрылым мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Тарих» кафедрасының профессоры, тарих  ғылымдарының кандидаты ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Айтжан Оразбақов ашып, жүргізді. ҒСТ мүшелері Дәулет Омаров, Аман Абасилов, Талғат Телеубаев, Әлібек Жаппасбаев, Қуаныш Жарекеев, Алексей Абдулхасанов референдум қорытындысы, АЭС-тің ел дамуындағы әсері бағытында өз ойларын ортаға салды.

– Әрине, әдепкіде АЭС жайлы әрқилы түсінік болды. Әйткенмен бұл бастаманың пайдасын түсінген халықтың пікірі кейін бір арнаға тоғысты десек те болады. АЭС Қазақстан үшін жаңалық емес. Осыған дейін Ақтаудағы АЭС ширек ғасыр елге қызмет етті. Кейін уақыты келген соң тоқтады. Қазіргі реакторлар жаңашыл, төрт буынды. Дәл қазір маман тапшылығы бар екенін жасыра алмаймыз. Бірақ осы нысанның құрылысы жүретін 15 жыл ішінде мамандарымыз тәжірибе жинап, үйреніп алады. Ал экономикалық тұрғыда салған қаржы 50 жылда қайтады. Қауіпсіздігі тұрғысынан 9 баллдық жер сілкінісіне шыдас береді, – дейді ғылыми сарапшылық топ мүшесі Бақытхан Әбдіқадыров.

Атом электр стансасы салынса, елдегі көп мәселе шешімін табатынына сенімді профессор Әнипа Тапалова бұл бастаманың бірнеше тиімділігін атап өтті.

– Ең біріншіден, болашақта энергия жетіспеушілігі болатынын ойлауымыз керек. Энергияны судан алатын болсақ, біздің елде су тапшылығы да бар екенін көріп жүрміз. Енді суды жерасты көздерінен алуымыз керек. Ол үшін атом электр стансасы керек. Экологиялық тұрғыдан бұл климаттық өзгерістердің алдын алуға жақсы. Ал экономикалық тұрғыдан инвестор тартуға тиімді. Инвесторларды тарту үшін оларға жағдай жасап, тұрақты энергия көзін реттеуіміз керек. Міне, осы ретте атом электр стансасы қажет, – дейді Ә.Тапалова.

Жиында мамандар сарапшы ретінде көптеген мәселе көтерді. АЭС бағытында оған бай­ланысы бар салалардың да тақырыбы қозғалды.  Ғылыми-сарапшылық топ мүшелері тақырыпты белсенді талқылап, жиналғандардың сауалдарына жауап берді.

Д.ҚЫРДАН

Ғылыми сарапшылар бас қосты
Ғылыми сарапшылар бас қосты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: