Сенбі, 18 қазан, 13:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79, 2191
18.10.2025
PDF мұрағаты

Руханият пен мәдениеттің алтын бесігі

18.10.2025

32 0

Күллі алаш жұртына алғашқы астана атануымен даңқы щыққан тарихы терең Сыр елі үшін ғасырдан жеткен жәдігерлердің орны ерекше.  Облыстық тарихи-өлкетану музейінің құнды жәдігерлерді, ұлттың ежелгі өркениетін танытудағы орны ерекше. Музейдің жаңа ғимаратқа көшіп, ел игілігіне табысталуы Сыр жұртшылығы үшін үлкен мәртебе, ерекше құрмет, тарихи сәт, айтулы күн. Қасиетті Сыр өңірі – астаналар мекені, ұлт руханияты мен мәдениетінің алтын діңгегі.

Заманауи жаңа ғимарат ұлтымыздың та­рихи «Қазақ» атауының қайтарылғанына, Қызылорда­ның ел астанасы болға­нына 100 жылдық мерейтойына керемет тарту болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы болған Сыр өңірін алтын бесікке теңеп, айрықша бағасын беруі қызылордалықтарды қанаттандыратыны белгілі.

Айта кетейік, музейдің ерекшелігі – заманауи үлгідегі жәдігерлерді ерекше үлгіде ұсынатын сандық-мультимедиялық техноло­гия­мен жабдықталуы.  Жаңа ғимаратта 250 мыңнан астам экспонатты сақтауға мүмкіндік бар. Ол дегеніңіз қазіргі музей қорынан үш жарым есе көп  экспонатқа шақталған. Мұнда орта ғасырлар өркениеті, ғарышты игеру залы, балалар музей бөлмесі де бар. Экспо­зициялар  11 залда орналасқан. Онда аймақ пен ел тарихының даму кезеңінен бастап пален­тология, археология залы, қазақ хандығы дәуірі, этнография, өңір тарихы Алашорда мұрасы мен соғыс жылдары, мәдениет пен өнер, әлеуметтік-экономикалық даму, ғарыш тақырыбы және ел тәуелсіздігінің қалыптасу жылдары түгел қамтылған. Экспозицияны жан-жақты сезіну үшін жасанды интелект жүйесі, интерактивті LED экрандар жұмыс істейді.

Облыстық тарихи-өлкетану музейі маман­дарының айтуынша, жұртшылықты қызық­тырғаны – палеонтология залы. Тағы бір ерек­­шелік, орта ғасыр өркениеті, ұлы Жібек жолы­ның бойында Сыр өңірінің орналасуына орай «ортағасырлық өркениет» залы ашыл­ғаны. 

Шынында, сан ғасырдың құпиясын сақ­таған жәдігерлердің  мекені өңір тарихынан сыр шертетін  тағылымды орынның бірі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: