Дүйсенбі, 25 қараша, 02:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Сабалақтықтар «газ келеді» деп қуанып жүр

27.08.2024

333 0

Сурет: exclusive.kz

Қалада газдандыру жобасы қарқынды жалғасуда. Биыл аймақ басшысының қолдауымен 1,2 млрд теңгеге Ақжарма елді мекенін, 3,1 млрд теңгеге Сабалақ саяжайын және 689,2 млн теңгеге қалада қалып қойған шағын аудандарды газдандыру жүзеге асырылуда.  Сонымен қатар Қызылөзек ауылдық округі мен Бірқазан елді мекенін «көгілдір отынмен» қамту жоспарға енгізілген.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қалада және оған қарасты әрбір елді мекенде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жемісін беруде. Соның бір дәлелі – шаһарға іргелес жатқан Сабалақ саяжайына табиғи газ жеткізу жобасы.

Қазіргі күні бас мердігер «АЕS end limited» компаниясы  арнайы техникалар мен мамандары жұмысты бастап кетті. Игілікті іс бекітілген мерзімде аяқталады. Себебі қала әкімі мердігер мекеме басшылығына жұмысты сапалы орындауды қатаң тапсырды.

Бүгінде Сабалақта 4500-ден астам халық тұрады. Елді мекенде 2 балабақша, мектеп, дәріхана, көлік жөндеу шеберханасы, автокөлік жуу, 10 азық-түлік дүкені, 2 жанармай құю бекеті, 2 демалыс орны, 2 монша жұмыс істейді. Сонымен қатар «Бегім-ай» өнер орталығы, №4 қалалық емхананың филиалы, 150 орындық қосымша білім беру орталығы іске қосылған.

Саяжайдың инфрақұрылымын дамыту мәселелері кезең-кезеңімен өз шешімін табуда.  Биыл қала бюджеті есебінен  ұзындығы 9,8 шақырымды құрайтын 15 көшеге шамдар орнатылды. Күнделікті қоғамдық көлік қатынауда.

Жалпы Сабалақ саяжайын газбен қамтамасыз ету мәселесінің айтылып жүргеніне бірталай уақыт болды. Жұмыс қолға алынды. Енді саяжай тұрғындары «көгілдір отынның» игілігін көретін күн алыс емес. Ал қуанып жүргендері қаншама…

Солардың бірі – Гүлзира Айтбайқызы. Ол осы саяжайға жақында қоныс аударған.

– Отбасымызбен Сабалақ саяжайынан үй алып, көшіп келдік. Келгенімізге көп уақыт болған жоқ. Шамалы уақыттан соң газға қосылады деген жаңалықты естіп, қуанып қалдық. Осы кезде үйде жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Енді бірден «көгілдір отынға» қостырып алсақ деп отырмыз, – деді жаңа қоныс иесі.

Саяжайдың байырғы тұрғыны Айгүлдің айтуынша, жылда көмір мен отынға көп қаржы кететінін жеткізді.

– Енді от жағудан құтылатын болдық. Бұған бәріміз қуанып жүрміз. Осы уақытқа дейін от жағып келгеніміз рас. Әрине, оның да өз қиындығы бар. Әр үйде кішкентай балалар бар. Әсіресе соларға қиын болатын. Қазір газдандыру үшін қызу жұмысты көріп, қуанып жүрміз, – деп жауап берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: