Сенбі, 17 қаңтар, 01:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№4 (2216)
17.01.2026
PDF мұрағаты

Салаға жаңа серпін береді

17.01.2026

28 0

Сыр өңірінің агроөнеркәсіп саласына инвестиция тарту мақсатында облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов бастаған делегация Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Делегация құрамында ауыл шаруашылығы құры­лымдарының өкілдері бар. Олар Бэйянь округінде Қытайдың ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші компанияларымен кездесулер өткізді. Атап айтқанда, ғылым докторы Лу Нанмен кездесуде сапалы тұқыммен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Бұдан бөлек, «Jiarun Agriculture», «Gao’s Hetian Rice Industry», «Baqi» сынды күріш және жүгері дақылдарын өндіретін ірі агроөнеркәсіп кәсіпорындарының жұмы­сы­мен танысып, тәжірибе алмасты.

Сапар барысын­да Хайнань провинция­сының өнеркәсіптік қалалық инвес­ти­ция­лар паркінде маңыз­ды кездесу өтті. Онда агроөнер­кәсіп сала­сында­ғы ынтымақтас­тықты кеңей­ту, агротехнологияларды дамыту, ресурстарды инте­грациялау және өндірістік парктерді бірлесіп салу мәселелері талқыланды. Қызылорда облысының әкімдігі, Хайнань провинциясының өнеркәсіптік қалалық Инвестициялар паркі және Хейлунцзян Хэхуэйдэ сауда компаниясы арасында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған үшжақты меморандумға қол қойылды.

Дунфан қаласында делегация мүшелері «Бір бел­деу – бір жол» бастамасы аясында өткен халықаралық ауыл шаруашылығы конференциясына қатысты. Конференция Қытай мен Қазақстан арасындағы агро­өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдетуге, ин­вес­тициялық мүмкіндіктерді таныстыруға және бір­лескен жобаларды іске асыруға бағытталды.

Аталған келісімдер Қытай мен Қазақстан арасын­дағы агроөнеркәсіптік серіктестікті жаңа деңгейге көтеріп, Сыр өңірінің ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартуға және «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы тиімді жобаларға жол ашады.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: