Сәрсенбі, 09 шiлде, 14:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50,2163
09.07.2025
PDF мұрағаты

Салтанатты Сырдария: шырқалып әнің, төгіліп күйің…

09.07.2025

44 0

Сырдағы ғасыр тойына сәні мен салтанаты үйлескен Сырдария ауданының өнерпаздары да үлес қосты. Қызылорданың астана болғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылып жатқан облыстық өнер байқауына алыптарға алтын бесік болған Сырдария өнерпаздары ерекше дайындықпен келген. Орталық алаңға кіреберістен бастап аудан шеберлері, суретшілері мен басқа да өнер иелерінің қолынан шыққан ғаламат туындылар көрмеге қойылыпты.

Орталық алаңда өткен ауқымды іс-шарада тұрғындарға Мемлекет басшысының тапсырмасымен бас­тау алған «Адал адам» тұжырым­дамасының 7 бағыты бойынша және рухани-мәдени құндылықтар наси­хаттаған көрме ерекше туындыларға толы. Жиынға қатысқан Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Омаров, «АMANAT» партиясы Қызылорда облыстық фи­лиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, халық қалаулылары, мә­дениет саласының майталмандары алдымен көрмені тамашалады.

Мерекелік концертте Қызыл­орда қаласы әкімінің орынбасары Б.Омаров, Қазақстанның еңбек сіңір­ген әртісі, сырдариялық Б.Алпыс­баев, Сырда­рия ауданы әкі­мінің орынбасары Д.Байдушев сөз сөйлеп, Қызылорда қаласының астана бол­ғанына 100 жыл толу мерей­тойымен құттықтады.

Өнер байқауында ауданның мә­дениет майталмандары, Сәдуақа­сов­тар халықтық отбасылық ан­самблі, «Ұлағат» әкелер анасамблі, «Алтын қазына» ансамблі, «Ритм» вокалды-аспапты ансамблі, «Балауса» ха­лықтық би ансамблдері, сондай-ақ ауданның талантты әншілері мен бишілері әсем ән мен күмбірлі күйден шашу шашып, көрермен ықыласына бөленді. Төгілген әрбір күй, әуелеткен ән мен мың бұралған би туған жерге деген шынайы сүйіспеншіліктің, өнерге деген адал­дықтың көрінісі болды.

Дәулет ҚЫРДАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: