Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Салықты бөліп төлеуге де болады

30.03.2024

768 0

Сурет: Н.Нұржаубай

Салық кодексінде салықтарды және төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін неғұрлым кеш мерзімге өзгерту мүмкіндігі көзделген. Мерзімдерді өзгерту салық міндет­темесін орындау нысанында алты айдан аспайтын мерзімге салық сомаларын біржолғы төлеумен кейінге қалдыру және үш жылдан аспайтын мерзімге салықтардың сомаларын ай сайын немесе тоқсан сайын төлей отырып бөліп төлеу түрлері бар. Бұл мүмкіндіктер кез-келген жағдайда берілмейді.

Төлем көзінен ұсталатын салықтарды, акциздерді, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импорт­талатын тауарларға қосылған құн салығын, сондай-ақ ҚР бюджет заңнамасына сәйкес ҚР Ұлттық қорына түсетін салықтарды қос­пағанда, салықтардың барлық түрлері бойынша кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу берілуі мүмкін. Мемлекеттік кіріс органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушінің өтінішін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қабылдайды.

Салықтарды және төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы мәселені қарау үшін салық төлеуші мынадай негіздердің бірі болған кезде тиісті мемлекеттік кірістер органына салық өтінішімен жүгінуі қажет.

Салық төлеушілерге айтатынымыз, осы тектес жағдай туындаса берілген осы мүмкіндектерді пайдалануға кеңес береміз. Сан сауалды арқалап, Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Берешекпен жұмыс бөліміне, 103 кабинетке келіп, кеңес алуға да болады.

Жорабек СҮЙІРБАЕВ,

Қызылорда қаласы бойынша

МКБ басшысының орынбасары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: