Сенбі, 15 қараша, 01:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Сапалы мемлекеттік қызмет – уақыт талабы

15.11.2025

28 0

Қызылорда қаласы әкімдігінің «Қызылорда қала­сының Белкөл кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан Қазақстан Респуб­ликасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген тізілім негізінде 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді: «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату», «Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою», «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру», «Жалдау мерзімін ұзарту».

Мемлекеттік қызметті электронды алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық цифрлық қолтаңбаны алу, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталында (www.egov.kz) немесе электрондық лицензиялауда (www.elicence.kz) тіркелу қажет.

Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің ақпараттық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақса­тында әкімшілік ғимаратында стандарттарға сәйкес ақпараттық тақтайшалар орнатылған. Сондай-ақ, әкім­шілік ғимаратында халықтың уақытын тиімді пайда­лану мақсатында «Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы» орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы талапқа сай қажетті техникалық құралдарымен қамта­масыз етілген(компьютер жабдығымен, принтер, камера, картриждер, колонка). Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызмет көр­сетудің сапасы мен қол жетімдігін арттыру өте маңызды. Алдағы уақытта, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру сапасы мен қолжетімдігіне мән беру, үнемділік пен тиімділік қағидаттары басты назарда болады.

 Жасұлан Сәду,

Белкөл кенті әкімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: