Сейсенбі, 18 қараша, 01:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Сапалы жол – қала беделі

18.11.2025

26 0

Соңғы жылдары көлік көбейіп, қала қозғалысы жандана түсті. Жол түзелсе жолаушының көңілі түзелетініндей қаланың кейбір аймақтары асфалт жолдарды қажет етеді. Шаһар көшелері қазір өзгеріс пен жаңаруды талап етіп тұрғаны белгілі. Шет аймақты аралаған қала басшысы Нұржан Сәбитұлы халық көп жүретін жол ахуалымен танысты.

Аймақ басшысы жол  инфрақұрылымы­ның сапасы мен дамуын ерекше назарда ұстап отыр. Халықтың күнделікті қауіпсіз қозғалысы шаһардың әлеуметтік-эко­номикалық дамуына әсер етеді. Қоғамдық көліктің кедергісіз қа­тынауы, жедел жәрдем мен өрт сөндіру қызметтерінің уақытылы жетуі, кәсіпкерлік нысандарының жұмыс тиімділігі артуына жол сапасы әсер ететіні анық.

Сапалы жол – қала беделі

Қаладағы жолдарды жөндеу және күтіп-ұстау бағытындағы қарқынды жұмыстардың сапасын бақылап, бірқатар нысандарды ара­лаған Нұржан Ахатов биыл негізгі және қосалқы көшелерді кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланғанын жеткіз­ді.

– Маңызды жобалар тұрғындардың ұсыныстары мен қажеттіліктері ескеріле отырып жүзеге асуда. Әсіресе, шет аймақтар мен көпқабатты тұрғын үйлер ауласындағы жолдардың жақсаруы халықтың өмір сүру сапасын арттырып, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам, – дейді шаһар басшысы.

Аталған нысандардың бірі – шет аймақта орналасқан Нұрмағамбетов көшесі. КБИ шағын ауданындағы бұл көшемен қоғамдық көліктердің де қозғалысы жиі болғандықтан жөндеу жұмысы маңызды. Көшенің беткі қа­баты алынып, орнына жаңа асфальт жабын­дысы төселуде. Сонымен бірге «Мерей» шағын ауданындағы аулаішілік жолдардың жөндеу жұмыстарымен танысты. 3-ші ірілендірілген кварталда болып, ширақ шаруаның жайын көрді.

Нысандарды аралау барысында Нұржан Сәбитұлы мердігер мекеме басшысына жұмыс­тарды сапалы атқарып, оны уақытылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар жауапты сала жетекшілеріне қала ішіндегі әрбір жолды жіті зерделеп, анықталған кемшіліктерді жөндеу жоспарына енгізуді жүктеді.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: