Сейсенбі, 22 сәуiр, 12:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№29, 2142
22.04.2025
PDF мұрағаты

Сапалы жұмыс – халыққа құрмет

22.04.2025

82 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Қала аумағындағы «Шіркейлі», «Жаңадария» және «Сыздық» каналдарындағы көпірлерді қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Халық қолданысында талай жыл қызмет еткен бұл нысандарды жаңарту жұмыстары қарқынды жүруде. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев нысан басына барып, ондағы жұмыстың жай-жапсарына қанықты.

«Шіркейлі» каналындағы көпірді жөндеуді қолға алған бас мердігер «Жылу 21» ЖШС 24 аралық балка және 250 аралық плита орнатты, 4 аралықтың беті бетондалды. Арнасы тазартылып, бетон конструкциялары сырлануда. Жиектегі тіреулерге плита орнату және кірме жолды жөндеу қолға алынған. Құрылыс материалдары толық жеткізіліп, жұмысқа 20 адам мен 5 техника жұмылдырылған.

Сыздық каналындағы жұмысты да аталған серіктестік жүргізуде. Каналдың табаны мен жиектері тегістеліп, бетон­далды. Құрылыс материалдары жеткілікті, көпір басында 12 адам, 3 техника жұмыс істеуде. Ал Жаңадария каналындағы көпірге «Best Stroi Grup инжиниринг» ЖШС құрылыс материалдарын жеткізіп, бетондап, сырлауда. Кірме жолға топырақ төселген. Қалпына келтіру жұмыстарын 26 адам, 4 техника атқаруда.

Нысан басында жұмысшылармен жүздескен аймақ басшысы ең бастысы сапаға мән беріп, жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтауды тапсырды.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: