Сейсенбі, 16 қыркүйек, 12:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Сарыптан сақтан!

23.08.2025

14 0

Фото: gov.kz

Қызылорда облысында 2024 жылы жедел сарып ауруымен 20 науқас тіркелген. Сарып (бруцеллез) – жануарлар мен адамдардың зоонозды инфекциялық ауруы. Бұл малдан жұғатын, адам денесінің буын, жүйке, жыныс мүшелерінің зақымдануына әкеліп соғатын, аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауру көзі – ауылшаруашылық малдары. Әсіресе адамдар үшін қой-ешкі бруцеллезі өте қауіпті. Бруцелла бацилласы табиғи ортаға өте төзімді, топырақта, қида, жемде, суда 4 айға дейін өмір сүріп, өзінің ауру қоздырғыштық қасиетін толықтай сақтай алады, тек қана жоғарғы температураға төзімсіз.

Адамдар бруцеллезбен ауру малдарды күткенде, жемдегенде, мал қораларын тазалағанда шаң-тозаң арқылы тыныс жолдарымен, тері арқылы, әсіресе қолдағы уақ жарықтармен, ерін, көз кілегей қабықтарына түскен бациллалар арқылы ауруды жұқтырады. Бруцеллез қоздырғыштары қоршаған ортаға ауру малдың сүті, дәретімен бөлінетіндіктен, малдың жүнін қырыққанда, сондай-ақ сүтін шикілей пайдаланған кезде жұғуы мүмкін. Бруцелла вирусы суда 2 ай, етте 3 ай, тұздалған етте 30 күн, жүнде 4 ай, шикі сүтте 40 күн, брынза, сүзбе, қаймақта 2 ай сақталады. Бруцеллалар 60 градуста қыздырғанда 30 минутта, қайнатқанда бірнеше минутта өледі. Бруцеллез ауруының жасырын кезеңі 2 аптадан бірнеше айға дейін созылып, науқаста қалтырау, көп терлеу, қажып-шаршау, әлсіздену, сүйек-буын және бұлшық еттің ауруы байқалады. Сақтану жолдары Бруцеллез адамнан адамға жұқпайды, тек малдан жұғатын болғандықтан, жеке бас гигиенасын сақтау ережелеріне мән берген жөн. Сондай-ақ әрбір мал қожайындары өз малының есебін дұрыс беріп, бруцеллезге тексертуі, анықталған жағдайда барлық ветеринариялықсанитариялық ережелерді орындауы қажет. Барлық ауыл шаруашылық малдарына тән бруцеллездің негізгі белгілері: түсік тастау, өлі төлдеу. Ауру малды өзге малдан бөлектеп, іш тастаған малдың төлін, шуын арнайы құралдармен немесе айырмен, күрекпен алып, мал төлдеген жердің сабан-шөбін топырағымен қоса алып, қорадан аулақ жерге апарып, иттер қазып алмайтындай етіп, 1-1,5 метрдей тереңдікте көміп тастау керек. Сатып алған, сатуға шығарған малдың, еттің, сүттің саудасы малдың денсаулығы туралы мал дәрігерінің анықтамасы бойынша жүргізілуі тиіс. Төл алу науқаны, төлдеп жатқан малға көмек көрсеткен уақытта қолда резеңке қолғап, клеенкадан жең қап, алжапқыш, аяқта етік болғаны жөн. Қолын жиі сабынмен жуып, жұмыс киімімен және аяқ киімімен үйге кірмеуі қажет. Төлдеп жатқан малға балаларды араластыруға болмайды, олар үлкен адамдарға қарағанда ауруды өте тез қабылдайды. Қорыта айтқанда, «сақтансаң, сақтаймын дегендей» дер уақытында ветеринар мамандар тарапынан тиісті ветеринариялық іс шаралардың атқарылып, мал иелері тарапынан өз міндеттерін жауапкершілікпен орындаған жағдайда бруцеллезді жеңуге болады.

А.ҚҰНАНБАЙҚЫЗЫ,

Қызылорда обаға қарсы күрес станциясының дәрігері

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: