Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясында Сейітқасым Жүнісов атындағы қалалық пәндік олимпиада биыл да өз жалғасын тапты.
Шараның салтанатты ашылу рәсімінде қалалық білім бөлімінің әдіскері Тимур Жақыпов пен мектеп-гимназия директоры Қуаныш Изатуллаев құттықтау сөз сөйледі.
Биылғы додаға 19 мектеп қатысып, білім бәйгесінде оза шапқандар анықталды: І орын – №285 мектеп, ІІ орын – №12 және №3 мектептер, ІІІ орын – №136, №4 және №278 мектептер.
Қорытынды сәтте Сейітқасым Жүнісовтің жары Ұлтай Балмағанбетова және ұлы Амандық Жүнісов мұғалімдер мен оқушыларға жүрекжарды тілектерін айтып, жеңімпаздарға марапаттар мен сыйлықтарын табыстады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!