Қалалық мәслихаттың мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттармен кездесу өтті.
Қалалық мәслихат төра¬ғасы И.Құттықожаев төрағалық еткен жиынға облыстық және қалалық мәс¬лихат депутаттары, ардагерлері кеңесі, қалалық жастар ресурстық орталығы басшылары, БАҚ өкіл¬¬дері қатысты.
Естеріңізге сала кет¬сек, биыл 25 сәуір¬де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қызылорда облысы¬нан шығып қалған депутаты¬ның ор¬нына сайлау өтеді. Заңнамаға сәйкес Сенат депутаттары жасырын дауыс беру арқылы жанама сайлау құқығы негізінде сайланады. Ол дегеніңіз, Парламент Сенатының де¬путатын сайлауға дауыс беруге тек сайлаушы ретінде мәслихат депутаттары қаты¬са¬тынын білдіреді.
Кездесу бары¬сында Қазақстан Республикасы Пар¬ламенті Сенатының депутаттығына үміт¬керлер Н.Байқадамов, А.Есмаханов, А.Жүнісов өз¬дерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ел аманатын арқалауға ниет білдіріп отырған үміт¬кер¬лерге депутаттар тарапынан сауалдар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.
Үміткерлердің бағдарламаларында аймақтағы басты мәселелер назарға алынған.
Г. АСҚАРҚЫЗЫ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!