Дүйсенбі, 25 қараша, 00:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Сенім мен сапа кепілі

10.08.2024

297 0

Құрылысшылар күні – бұл жай ғана кәсіби мереке емес, озық сәулеттік үлгілерді өмірге әкелетін, қаланың келбетін жасап, зәулім үйлер салып жүрген қасиетті мамандық иелерін құрметтейтін күн. Сенім мен сапаның кепілі аталып кеткен «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС бас инженердің орны ерекше. Құрылыс саласының қыр-сырына қаныққан Юрий Борисович Нам жауапкершілігі мол қызметте өз біліктілігі арқасында қаламыздағы құрылыс қарқынына өз үлесін қосып келеді. Бүгінде «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС құрылыс компаниясының құрылтайшысы әрі бас инженері Юрий Борисович есімі елге танымал. Ол 2016 жылы Ұлттық экономика министрлігі «Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен, ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл мерекелік медалімен марапатталды. 20 жылдан астам уақыт бойы құрылыста еңбек етіп келе жатқан Юрий Нам қаламызда халық игілігіне қызмет ететін көптеген құрылыс нысанында өз қолтаңбасын қалдырды.

Сенім мен сапа кепілі


– Аймағымызда бір мезетте 500 адам қабылдайтын №3 қалалық емхана, Тұңғыш Президент саябағы, «Сыр ана» монументі, Рәміздер алаңын біздің компания, яғни «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС салды. Мұнан бөлек, балаларға сапалы білім беру үшін аймағымыздың бірнеше ауданда мектеп салдық. Атап айтсам, Қазалы ауданындағы 600 орындық №204 мектеп, Тасбөгет кентіндегі 300 орындық №172 мектеп бой көтерді. СПМК-70 аумағында 60 пәтерлі 3 тұрғын үй, Арай шағын ауданындағы 50 пәтерлік 7 тұрғын үй, қаламыздың сол жағалауындағы 50 пәтерлі 5 үйді салдық. Бір сөзбен айтқанда, қаланың жаңарып, жасаруына қосқан үлесіміз өте көп, ескерткіштерді жаңғырту, жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыру, аспалы көпірлер, аялдама және көшелерді жарықтандыру жұмысына үлес қостық, – дейді бас инженер Юрий Нам.
Бас инженердің айтуынша, компания қаламыздың маңызды көшелері – Сұлтан Бейбарыс, Н.Назарбаев және Тәуелсіздік даңғылына абаттандыру жұмыстарын жүргізген. Барлық жұмыс уақытында, талаптар мен ережелерді сақтай отырып жасалады. Қауіпсіздік пен сапаға кепілдік беру үшін құрылыстың әр кезеңінде сараптама мен зертханалық зерттеулер жүйелі жүргізіледі.
– Биыл компания қаламыздың сол жағалауында орналасқан заманауи үлгідегі Автовокзал, Орталық алаңды абаттандыру және су бұрқақтарын іске қосу жұмыстарын жүргізді. Тереңөзек кентіндегі «Руханият» орталығы және Жаппасбай Батыр шағын ауданындағы №70 «Ф» 4 корпусты 150 пәтерлі тұрғын үйлерді атап айтамын. Қазіргі уақытта Арал ауданы, Сексеуіл кентінде 300 орындық жайлы мектеп құрылысы жүріп жатыр. Аталған жұмыстардың бәрінде бас мердігер ретінде жұмыс істеудеміз, – дейді Юрий Борисович.
«Техоснастка-Ремсервис» ЖШС құрылыс компаниясы бас инженері компанияның жетістігі ұйымшыл ұжымдық жұмыстың, озық жетістіктерге ұмтылудың және инновациялық технологияларды қолданудың нәтижесі екенін атап өтті.
– Жасанды интеллект, модельдеу, VR және AR технологияны пайдалану компанияға уақыт үнемдеуге, сонымен қатар сапаны жақсартуға, әрбір нысанның беріктігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да аймағымыздың құрылыс саласында еңбек етіп, халқымыздың жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ете береміз, – дейді бас инженер.
Маман стандарттар мен нормалардың сақталуын қадағалап қана қоймай, сызбалар мен жоспарларға жан бітіріп, қаланы сәулеттендіре түсті. Құрылыс саласында бас инженер болу – терең білімді ғана емес, осы салаға шын ниетпен берілуді талап ететін өнер. Ең бірінші сапаны ойлайтын компания салған әр құрылыс нысаны мақтауға тұрарлықтай. Сапалы құрылыс символына айналған «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС құрылыс компаниясы әрдайым абырой биігінен көрініп келеді.

Сенім мен сапа кепілі

София Хайруллақызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: