Сенбі, 27 желтоқсан, 01:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Шаттыққа толы шырша тойы

27.12.2025

33 0

Облыс орталығында ел Президенті атынан «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» атты балаларға арналған дәстүрлі шырша мерекесі өтті. Ертеңгілікке облыс орталығынан және аудандардан үздік, өнерлі, қабілетті, білім бәсекелерінде жетістікке жеткен

200-ге жуық оқушы қатысты. Бүлдіршіндерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтауы мен естелік сыйлықтары табысталды. Балаларды Жаңа жыл мерекесімен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құттықтады.

– Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының өздеріңізге арнаған жаңа­жылдық құттықтауы, сыйлықтары мен ұмы­тылмас әсерлі сәттер сіздерге қуаныш пен шаттық сыйлады деп сенемін. Сіздер – ты­ныштық пен тұрақтылық орнаған Тәуелсіз Қазақстанымыздың жарқын болашағысыздар. Ата-ананың ең үлкен мақсаты – баласын жақсы, адал азамат етіп өсіру. Ал мем­лекетіміз бен қоғамның басты мақсаты – елге ие болатын білімді де отаншыл ұрпақ тәрбиелеу. Сіздердің лайықты өмір сүріп, жақсы білім алуларыңыз үшін жағдай жасау – біздің басты мақсатымыз. Президентіміз­дің бастамасымен «Адал азамат» біртұтас тәр­бие бағдарламасының қабылдануы, «Келешек мектептері» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы, «Білімді қолдау», «Қазақстан хал­қына» қорларының құрылуы – сіздердің игі­ліктеріңіз үшін жасалған нақты істердің айқын көрінісі. Өңірімізде жас ұрпаққа сапалы білім беру, спортқа, өнерге баулу үшін барлық жағдай жасалуда. Бірер күннен соң халқымыздың жеті қазынасының бірі саналатын Жылқы жылын жақсылықпен, жақсы үмітпен қарсы аламыз. Осындай жарқын сәтте сіздердің жүздеріңіздегі қуа­нышты көру еліміздің ертеңіне деген сені­мімізді нығайтады. 2026 жылды көтеріңкі көңіл күймен қарсы алып, ата-аналарыңызды жақсы жаңалықтармен қуантыңыздар. Жаңа жылда армандарыңыз орындалып, Тәуелсіз елімізбен бірге өсіп-өркендей беріңіздер! – деді Н. Нәлібаев.

Шаттыққа толы шырша тойы

Мерекелік шыршада Желаяқ, Күншуақ, Тәттібек, Люми сияқты кейіпкерлер қойы­лымдар ұсынды. Ертегілер еліне саяхат жаса­ған оқушылар Жаңа жыл мерекесін керемет тойлады.

Президент шыршасы – игі дәс­түр. Бұл мереке балаларға қуаныш, ұмытылмастай әсер сыйлады.

 «Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: