Сейсенбі, 29 сәуiр, 13:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Шекарасыз кітапхана

29.04.2025

70 0

Облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен Нәліқожа Ергешбаев атындағы №172 орта мектепте «Оқушылардың кітап оқу мәдениетін бастауыш сыныпта қалыптастырудың әдіс-тәсілдері» атты облыстық семинар өтті.

«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шара «Ұлылардың ұлысы – Абай» қойылымымен ашылды. Мұнда қатысушылар балалардың тек кітапқа ғана емес, өнерге де бір табан жақын екенін байқады. «Рухани байлық ұясы – кітапхана: көне кітаптар сөйлейді» атты кітап жәрмеңкесі де талайдың санасына сәуле шашар тағылымды дүниелерді төрге шығарды. Жас ұландар «Айгөлек» әнін шырқап, мерекелік кештің сәнін кіргізе түсті.

Қатысушылар «Әдебиетпен әрленген сабақ: қазіргі ғарыштық зерттеулер», «Табиғат пен әдебиет: Үйлесім мен үндестік», «Бала жүрегіне көркем әдебиет арқылы жол табу: есептерді шығарудың тиімді тәсілдері» тақырыбындағы ашық сабақтарда өздерінің тәжірбиелерімен бөлісті.

Іс-шара аясында өткен «Шекарасыз кітапхана: бүгін біз бірге оқимыз» атты танымдық кездесу де жұртшылықтың бойына рухани байлық сыйлады. Бұл кездесуге Қызылорда облыстық филормониясы басшысының орынбасары Амандық Бүрлібаев, «Qyzylorda» телеарнасының директоры Нұрбек Әмиша, облыстық дін істері басқармасының маманы Бақтияр Оспанов, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебеп ғылыми кітапханашысы Жанат Қараманова қатысып, балалармен бірге кітап оқып, талдады.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: