Сенбі, 06 қыркүйек, 03:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№67,2180
06.09.2025
PDF мұрағаты

Смартфон: жас ағзаға жасырын қауіп

06.09.2025

39 0

Еңбектеген баладан, еңкейген қартымызға дейін смартфонның қыр-сырын жетік меңгерген. Бұрын бүлдіршіндеріміз кәмпитке алдана салатын, қазір қолына телефон беріп жұбататын болдық. Уақытымыздың көп бөлігін әлеуметтік желілердің алатыны да жасырын емес.

Әлеуметтік желі – ақпарат құралы. Адам өмірінде елеулі орынға ие болды. Көптеген сайттар күннен-күнге дамуда. Сонымен қатар желі арқылы өз кәсібін дөңгелетіп отырған­дар да баршылық. Өйткені, бұл – арзан әрі тиімді жол. Қазіргі кезде кімнің қайда, не істеп жүргенін, тіпті не ішіп, не жегеніне дейін білеміз. Телефон сәулесі денсаулыққа зиян. Бұл әсіресе, балалар мен жастар арасында өзекті мәселеге айналып отыр. Адам денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретіні дәлелденген. Көздің көру қабілетін төмен­детеді. Шаршағыштық, әлсіз­дік басады. Шамадан тыс экран уақыты мазасыздық, деп­рессия және әлеуметтік оқ­шаулану сезімдерін тудыра­ды. Ұзақ уақыт бойы экранға қарау бас ауруына және омыртқа мәселелеріне себеп болуы мүмкін. Баланың сау болып өсіп жетілуіне ке­дергі келтіреді. Алуан түрлі ойындар жеткіншектің көңі­лінің бұзылуына, оның өзімен-өзі жалғыз болуына деген ынтасын арттырады. Жас­өс­пірімдер үшін ең қауіпті жағ­дай – әлеуметтік желідегі елдің үрейін ұшырататын ақпарат таратушылар мен теріс жолға апаратын топтар да жиілеп кетті. Бұл қоғамның дұрыс қалыптасуына кері әсерін ти­гізетіні белгілі. Санасы енді жетіліп келе жатқан балаға табиғи тығыз қарым-қатынас ауадай қажет. Баламен таби­ғатта жиі серуендеу, үйде көп әңгімелесу арқылы ғана байланыс жасалады.

Бүгінгі күні смартфондар балалар мен жасөспірімдер­дің күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Дүниежүзі­лік Денсаулық сақтау ұйымы мәліметі бойынша, 87 % балалар мен жасөспірімдер күнделікті смартфон пайдаланады. 75% жас­өспірімдер өздерін смарт­фонға тәуелді сезінеді. Бала­лардың 60 %-ында әлеуметтік желілерді қолдану нәтижесінде мазасыздық немесе депрессия бел­­гілері байқалады. Ал 80%-ы ұйқысыздық пен шаршау сияқ­ты ұйқы проблемаларын бастан кешіреді. Тағы 50%-ы смарт­фондарын күніне бірнеше рет тексереді.

Америкалық балалар дәрі­герлері академиясы 2 жастан бастап смартфон пайдаланатын балаларда сөйлеу дамуы кеші­гетінін дәлелдеген. Әлем­дік тәжірибеде бұл мәселе­нің алдын алу жолдары қарас­­тырылған. Жапонияның Тойоаке қаласы тұрғындарға күн­­делікті смартфон қолдануды 2 сағатпен шектеуді ұсынды. Оңтүстік Кореяда 2026 жылдан бастап мектептерде смартфон қолдануға тыйым салу жоспар­лануда. Аустралияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға шектеу қою ұсынылуда.

Смартфондардың артықшы­лық­тары көп болғанымен, олар­дың шамадан тыс қолда­нылуы балалардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Қай кезде және не үшін қолдануға бола­тынын нақтылап, күн тәр­тібіне енгізу денсаулыққа оң әсерін тигізеді. Білім беру қосымшалары, танымдық ви­део­лар, онлайн-курстар ар­қылы қызығушылығын пайда­лы арнаға бұрған жөн. Ата-аналар мен мұғалімдер балалардың экран уақытын бақылап, ба­лансты өмір салтын ұстануға көмектесуі қажет.

Назерке БАҚЫТБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: