Жексенбі, 13 сәуiр, 01:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№26,2139
12.04.2025
PDF мұрағаты

Соқыр ішек деген не?

12.04.2025

169 0

Адам ағзасындағы әрбiр мүше маңызды. Солардың бiрi – соқыр ішек. Көпшiлiк бұл мүше туралы тек ол қабынғанда ғана бiледi және іш ауыруымен шатастырады. Ал, шын мәнінде, соқыр ішек ағзада өзіне тән қызмет атқарады.

Соқыр ішек – тоқ ішектің бас жағынан өсіп шыққан кішкентай түтікше. Оның ұзындығы шамамен 5-10 см болады. Бұрын бұл мүше қажетсіз деп есептелсе де, қазіргі медицина оны иммундық жүйеге қатысы бар деп  санайды. Ішектегі пайдалы бактерияларды сақтауға көмектеседі.

Соқыр ішек (аппендицит) – іш ауруының бір түрі. Аяқастынан ұстайтын ауру болғандықтан, көбіміз одан қатты қорқамыз. Сондықтан соқыр ішек асқынып кетпей тұрып, алдын ала белгілерін дәл танудың маңызы зор. Бұл кенеттен басталып, шұғыл медициналық көмекті қажет етеді. Көбінесе 10-30 жас аралығындағы адамдарда кездесіп отырады. Егер іштің оң жақ төменгі бөлігінде қатты ауырсыну болса, жүрек айну, құсу, дене қызуының көтерілуі, әлсiздік, қарындағы кернеу белгiлері болып жатса, міндетті түрде дәрігерге хабарласу керек. Осы аталған белгілер байқалса, өз беттерiңiзше ем қабылдамай дәрiгерге бірден қаралуыңыз керек. Уақыт өткізіп алмай, жедел жәрдем шақырыңыз. Егер уақыт өткізіп алса бұл өте қауіпті. Сондықтан науқасқа алғашқы көмек көрсете білуіміз керек.Алдымен ауырып жатқан науқасқа тыныштық керек. Тамақ бермеңіз, су ішкізбеңіз, ішіне ыстық грелка баспаңыз. Жедел жәрдем шақырыңыз. Менің айтарым, соқыр ішек кішкентай болса да, оған салғырт қарауға болмайды. Ауру белгілері байқалған жағдайда фельдшер немесе дәрігерге жүгінгендеріңіз жөн. Ерте анықталған аппендицит сәтті ота арқылы емделеді.

Соқыр ішектің әсіресе ішек инфекциясы кезінде көмегі зор. Бірақ ішек инфекциясы ыстық аймақтарда, тропикалық елдерде көп тара­ған­дықтан, біздің аймақ аса қауіпті емес. Дегенмен денсаулықты күту қажет.

Жандос Мұсабеков,      

№3 қалалық емхана

Жедел жәрдем бөлімінің фельдшері    

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: