Бейсенбі, 26 желтоқсан, 12:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Апатты үйлер мәселесі қашан шешіледі?

30.07.2024

223 0

Сурет: aikyn.kz

Қала бойынша 68 тұрғын үй апатты жағдайда тұр. Баспанасы бас ауруына айналып, жаңа тұрғын үйге қолы жетпей жүргендердің көпшілігі қала іргесіндегі Тасбөгет кентінде тұрады. Таяуда апатты деп алаңдатып тұрған Амангелді көшесіндегі №3 үй жығылғанға жұдырық болғандай, өжіресі суға толып, тұрғындарды әбігерге салған еді. Қала әкімі Серік Қожаниязов тұрғындармен кездесіп, жағдайды өз көзімен көрді.

Өжіреге су толса, шыбын-шіркей, маса көбейіп кететіні бар. Әуре-сарсаңға түскен тұрғындардың мәселесін шешіп беруді уәде еткен шаһар басшысы жауапты мекемелерге өжірені тазартып, масаларды улау туралы шұғыл тапсырма берді және бұл мәселе дер кезінде шешімін тапты. – Өздеріңізге белгілі, аймақ басшысының қолдауымен облыс орталығына іргелес жатқан Тасбөгет кенті шаһармен бірдей қарқынды дамып келе жатыр. Қазір тұрғындардың сұранысына сай, тозығы жеткен бірнеше ескі үйдің шатыры ауыстырылуда. Одан бөлек, кентті көркейту, абаттандыруға байланысты жобалар жүзеге асырылып жатыр. Енді жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтарға Титов шағын ауданынан салынып жатқан тұрғын үйден 135 пәтердің кілті табысталмақ. Жыл сайын осыншама пәтер табыстайтын болсақ, бұл мәселе бірер жылда түбегейлі шешімін табады, – деді Серік Салауатұлы тұрғындармен кездесуде. Айта кету керек, бүгінде меншік иелері «жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты жағдайда деп танылған азаматтар» санатында тұрғын үй алу кезегіне құжат тапсырған 673 отбасы тіркелген.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: