Жексенбі, 22 желтоқсан, 12:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Азық-түлік бағасы  – назарда

10.12.2024

83 0

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының тұрақты болуы – атқарушы биліктің басты міндетінің бірі. Көзді ашып-жұмғанша жылды қорытындылайтын сәтте таяп қалды. Тұрғындардың көп тұтынатын тауар бағасы жаңа жыл қарсаңында қымбаттайтыны белгілі. Оның үстіне, доллардың қымбаттауы да бағаға әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен Үкімет бағаны бақылау  мақсатында  тиісті жұмыс атқаруда.

Апта басында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығы­мен өткен Үкіметтегі кеңес­те 11 айдағы инфляция қоры­тындылары мен 2024 жылғы болжамдар қаралды. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қараша айында азық-түлік емес тауарлардың баға индексі 0,7%, ақылы қыз­меттердің баға индексі – 0,8%, азық-түлік өнімдері – 1,1% болды.  Азық-түлік инфляция­сын тежеу мақсатында  ай­мақтарда көкөніс қорлары пайдаланыла бастады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 159,6 мың тон­на көкөніс қорының 13,4 мың тоннасы сатылған. Ең көп сатылғаны – картоп 7,2 мың тонна, сәбіз – 2,1 мың тонна, пияз – 2,2 мың тонна, қырыққабат – 1,7 мың тонна.

Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы министрлігіне аймақтармен бірлесіп, негізгі азық-түлік өнімдерінің, соның ішінде жылыжайда өсірілген көкөністердің бағасын тұрақ­тандырып, жаңа жыл қар­саңында олардың жеткілікті мөлшерде сауда сөрелерінде болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Тұрақтандыру қорларында осы уақытқа дейін жинақталған азық-түлік қорын өңірге жет­кізу және оны ауыл шаруа­шы­лығы жәр­мең­келері арқылы сатылымға шығару тұрғын­дарды жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етуге әрі көкөніс және басқа өнім­дерді қолжетімді бағада сату­ға мүмкіндік береді. Бұл шаралар жаңа жыл алдындағы негізгі азық-түлік өнімдерінің қымбаттамауы үшін ұйымдас­тырылуда.

Сыр өңірінде де базар бағасы бақылауға алынған. Аймақ басшысының тапсырмасымен «Сыбаға» базары, «Аль-Асад», «Сырдария», «Ми­рас» сауда үйлеріндегі және әлеуметтік дүкендердегі әлеу­меттік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мони­торинг жүргізілді. Алда келе жатқан мереке қарсаңында бағаны негізсіз өсіруге жол берілмеу керек. Осы ретте, сауда желілеріндегі баға тұрақ­тылығын қамтамасыз етуге бағытталған бақылау шаралары күшейтілді.

Айтолқын БАТЫРБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: