Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 13:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Демалыс паркі ашылды, бағасы қанша?

04.05.2024

722 0

Қалалық мәдени және демалыс паркі жаңа маусымын бастады.

Ашылу салтанатына қатысқан қалалық мәс­лихат төрағасы Ибадулла Құттықожаев шаһар тұрғындарын жазғы демалыс маусымының басталуымен құттықтады.

– Бірлік күні көпшіліктің асыға күткен қалалық демалыс паркі өз жұмысын бастады. Лайым, халқымыздың бірлігі арта берсін. Мамыра­жай мерекеде демалыс паркі маусымының бас­тал­ғанына, әсіресе, балалар қуанып жүр. Бүгінде осы парктің қала тұрғындары мен қонақтары үшін үздіксіз әрі сапалы жұмыс істеуіне, жақсы көңіл-күй сыйлауына барлық жағдай жасалды. Халыққа қолайлы орта қалыптастыру, қауіпсіздік мәселесі басты назарда. Осының барлығы қала халқына, балақайлардың шат күлкісіне себепші болмақ. Соңғы жылдары шаһарда тұрғындардың жайлы тұрмысы үшін айтарлықтай жұмыс жүруде. Скверлер мен аллеялар қайта жаңғыртудан өткі­зілуде. Биылдың өзінде 25 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, ойын алаңдары жөн­деуден өтеді. Оған қоса, спорттық алаңдар салынуда. Сонымен қатар орталық алаңдағы ауқымды жұмыстың да аяқталуына аз қалды, – дейді қалалық мәслихат төрағасы.

Қала халқының жаз маусымында уақытын тиім­ді өткізуін қамтамасыз ету мақсатында биыл да түрлі мәдени шаралар, көңілді кештер өткізіліп, келушілерге жайлы орта жасалатын бо­лады. Бұл жайында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов мәлімдеді.

– Бұл демалыс паркі – қаламыздың негізгі демалыс орындарының бірі. Осы кезге дейін то­лықтай дайындық, тазалық, көркейту, көгалдан­дыру жұмыстары жүргізілді. Жеке кәсіпкерлер жалға алған орындарын санитарлық талапқа сәйкес күтіп ұстайды. Оның барлығы біздің бақы­лауымызда.

Сонымен қатар демалыс паркіндегі барлық аттракциондар тексерілді. Себебі қауіпсіздік шара­лары қатаң сақталуы тиіс. Осы кезде парктің теңгеріміндегі 8 аттракцион жұмыс істеп тұр. Ал қалған аттракциондар мен ойын-сауық орта­лықтары жеке кәсіпкерлердің еншісінде. Жалпы барлығы 90-ға жуық аттракцион мен ойын-сауық орталығы халық игілігіне қызмет етеді. Соңғы бес жылда баға өзгерген жоқ. Балаларға – 300, ересектерге – 500 теңге көлемінде қызмет көрсетуде. Демалыс паркінің жұмысы қыркүйек айына дейін жалғасады, – дейді бөлім басшысы.  

Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: