Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №17 кітапханасы «Еңбек күні» мерекесіне орай «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты еңбек ардагерлерімен кездесу кешін өткізді. Мерекелік шараға С.Әлжіков атындағы №144 орта мектебінің оқушылары мен Қызылжарма мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты.
Аталған кешке еліне елеулі еңбек еткен Қызылжарма ауылдық округінің ардагерлері арнайы келіп, өскелең ұрпаққа өздерінің өмірі мен еңбек жолында аянбай қызмет етіп, отбасылық тәлім-тәрбиені ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқаны жайлы айтты. Жас оқырмандар кездесуден үлкен әсер алды.
Басқосудың мақсаты – қоғамда еңбек адамына деген құрметті арттыру. Жас буынға адал еңбекті үлгі етіп, өскелең ұрпақты алдыңғы толқынның тарихынан тәлім алып, өнеге етуге тәрбиелеу.
Салтанатты жиын Қызылжарма мәдениет үйінің жанынан құрылған «Қуаныш» әжелер ансамблі мен әнші, батыр ана Қуаныш Ахметқызының ән-шашуына ұласты.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!