Сенбі, 13 желтоқсан, 03:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№95 (2207)
13.12.2025
PDF мұрағаты

Ер есімін ұлықтаған күн

13.12.2025

45 0

Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде Тәуелсіздік күніне орай мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті публицист Ілияс Қабыловты еске алуға арналған 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы X халықаралық дзюдо турнирінің ашылу салтанатты өтті.

Жарыстың ашылу рәсімі­не облыстық мәслихат депу­та­ты, облыстық дзюдо федерация­сының президенті, «Ауыл» партиясының облыстық фи­лиа­лының төрағасы Садық Мұстафа, облыстық дене шы­нықтыру, спорт және туризм басқармасының бөлім басшысы Сағидат Бертай, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шы­­­нықтыру орталығының жетек­ші сарапшысы Нұрсұлтан Бекмұратұлы, «Мейірім құшағы» әйел-бала отбасы жөніндегі об­лыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Динара Ибадуллаева, сондай-ақ Қырғызстанның Ош қаласынан арнайы келген дзюдо федерациясының президенті Тимур Сатиев қатысты.

Турнирдың ашылу рәсімін­де құрметті қонақтар жас дзюдошыларға ізгі тілектерін білдіріп, жарыс­та сәттілік тіледі. Одан кейін қазақтың салт-дәстүріне сай қонақ кәде ретінде Қырғызстан­нан келген Тимур Сатиевке арнайы сый-сияпат жасалды. Өз кезегінде мәртебелі мейман қырғыз халқының атынан риза­шылығын білдіріп, ұйым­дастырушыларға естелік сый жасады.

Салтанатты жиын соңында спортшылар мен қонақтар көк туды желбіретіп, патриоттық ән шырқады. Бұл сәт жас спортшыларға жігер беріп, турнирдің рухын одан әрі ас­қақтата түсті. Айта кетейік, халықаралық доданың биылғы маусымына Қырғызстаннан және Қазақстанның әр аймағынан келген 10 команда, жалпы саны 400-ге жуық жас спортшы қатысуда. Олар алдағы үш күн ішінде 16 салмақ дәрежесінде өзара бақ сынайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: