Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Гүл-сабын  букетін трендке шығарған

16.07.2024

448 0

Нәзік жандардың гүлге қызықпайтыны жоқ. Ұлжанды  да кішкентайынан гүлдер әлемі өзіне баурап алатын.  Алқызыл гүлдердің табиғаты де ерекше ғой. Адам­ның көңіл күйін лезде өзгертіп, шаттыққа бөлейді.  Қолөнер  қиялыңды шыңдайды, жүрегіңді жұмсартып, нәзіктік­ке баулиды.  Олардың түсі де алуан түрлі реңк береді.  Адамның өзінің жанына жақын бір сүйікті ісі болады. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Ұлжанның сүйікті ісі – сабыннан гүл жасау.

– Гүл жасауға мамыр айының ба­сында ғана кірістім. Инстаграмнан бірінші зерттеп қарай бастадым. Шын букеттен айырмашылығы болмағасын қызыға бастадым. Өзім әйел заты болсам да тірі букеттерге шынымды айтсам, 15-20 мың ақша қимайтын едім. 4-5 күнде қоқысқа тастайтын болғасын гүлдің қадірі де болмайды ғой. Ютубтан сабынды гүл жасау жолдарын зерттей бастадым.  Мамандығым – химик, инже­нер-технолог болғандықтан табиғи май­лар глицерин мен май қышқылының тұздарында ыдырайтынын біліп, май қышқылының тұздарын сатып алдым. Солай сабынды ерітуді, жасау жолын білемін. Алайда букет жасау тәжірибем болмаған соң, арнайы  оқыдым. Қызымның да суретке,  әдемілікке деген ынтасын байқап екеуміз оқыдық. Күнделікті интернеттен шеберлік сабағын  қарап үйрендік. Сәті түсіп жақында грантқа қол жеткіздім. Қазір Тасбөгет кентіндегі ғимараттан  жалға орын алып жатырмын. Сол жерде сүйікті ісіммен қызым екеуміз айналысамыз. Бұл кәсіп әлі дами қоймаған. Жемісін көремін деп отырмын, – дейді Ұлжан Досова.

Жақсы көретін ісін кәсіпке айнал­дырған Ұлжанның жұмысына табыс тіледік.

Гауһар АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: