Бейсенбі, 26 желтоқсан, 01:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы сейілмей тұр

27.08.2024

201 0

Кеше қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Шарада қоғамдағы өзекті 3 мәселені қозғады.

Алдымен кәмелетке толмаған оқушылар арасында орын алған қылмыстар туралы,  балалардың білімі мен тәрбиесіне мән бермеген ата-аналардың мәселелерін талқылады. Себебі қоғамда кәмелетке толмаған жастар мен жасөпірімдер арасында түрлі қылмыстар орын алса, енді бірі ата-ананың қарауынсыз түнгі ойын-сауық орындарында жүр. Осыған орай, кәмелетке толмаған жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қала әкімдігі жанынан мобильді топ құрылып, арнайы рейд жүргізді. Яғни  ойын-сауық орындарын, саябақтар мен ойын алаңдары және жастар көп шоғырланатын аймақтарды тексерді. Нәтижесінде 22 әкімшілік құқық бұзушылық дерегін анықтады.

Бұған дейін қала әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ ата-аналар және кәмелетке тол­маған жастар мен жасөспірімдер арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілсе де, түнгі сағат 22:00-ден бастап таңғы 06:00-ге дейін ата-ананың қарауынсыз ойын-сауық орындарында жүрген жастар мен жасөспірімдердің қатары сейілмей тұр. Осыған сәйкес, комиссия отыры­сында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарын алдын алу жұмыстарын кү­шейту мақсатында сала басшыларына тап­сырмалар берді

 Айта кетейік, кәмелетке толмағандар түнгі сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейін ата-ананың қарауынсыз ойын-сауық орындарында жүруге тыйым салынған. Тіпті ересек туысы немесе кәмелетке толған досымен жүруде заңсыз болып саналады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілі қасында болмаса түнгі 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін  көшеде жүруіне де болмайды.

Н.Мұқатаева

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: