Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 01:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Кәсіптің көзін тапқан жан

24.12.2024

132 0

Шолпан Сүлейменованың денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп келе жатқанына 30 жылдан асты. Ол – 7 баланың анасы. Отбасылық кәсібі бар. Отандық өнім шығарушы кәсіпкерлердің бірі. Мемлекет басшысының «Тұтынушы елден өндіруші елге айналайық» деген бір ауыз сөзі оның қадамына тың серпін берді.

Шолпан Жәдігерқызы негізгі жұмысымен қоса сауда-саттық саласында шағын кәсіп бастап көреді. Тойтабаққа салынатын түрлі сабындар жасайды. Оған қоса ауладағы жылыжайда қияр, көк жуа, аскөк, ақжелкен өсіріп сатады. Бұл кәсіп түрін әлі де жалғастыруда.

– Кәсіптен кәсіп туғыза бергізім келді. Бала-шағамызбен ақылдасып өнім шығарайық деп шештік. Үнемі сұраныста болатынын ескере келе дәретхана қағазын шығармақ болып келістік. Қаржыландыру көздерін іздегенімде «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығының ұсынған талаптары ұнады. Сонымен, 6 пайызбен мемлекеттік бағдарлама аясында 6 млн теңге жеңілдетілген несие алдым, – дейді Шолпан Сүлейменова.

Кәсіпкер алғашқыда қажет құрал-жабдықты табу оңай болмағанын айтады. Жартысын өзге өңірден тауып, қалғанын Қытайдан алдырып кәсібін бастап кетеді. Негізі кәсіпті жүргізіп отырған екі баласы – Нұрбек пен Бекзат. Өнімнің дизайнын балалары Расулбек пен Ерзат құрастырған. Бүгінде бір қорапта 10-нан 24-ке дейін сиятын дәретхана қағазын шығарады.

– Қазір бізге жетпей жатқаны макулатураны өңдейтін құралдың жоқтығы. Біз жинаған макулатураны көрші облысқа барып, қолдануға болатын материал етіп әкелеміз. Келген соң арнайы қалыпқа салып, кесіп, дайын өнімдерге айналдырамыз. Кәсіптің бұл түрін бастағанымызға да төрт жылға таяп қалыпты. Сұраныс жоғары. Тұрақты тұтынушылардан да ауыспайды, – дейді кәсіпкер.

Бүгінде Қызылордадан шығатын «Жаңақорғандық» деп аталатын дәретхана қағазы облыс көлемінде, сондай-ақ Орал, Қостанай, Өскемен қалаларына да жіберіледі екен. Шолпан Жәдігерқызының балалары күніне 4000 данадан астам, ал айына 120 мыңнан астам дәретхана қағазын шығарады. Бағасы да қалтаға қонымды, 70 теңге тұрады.

Шолпан Сүлейменованың балалары да еңбекқор. Жейдеге, ыдыстарға сурет салуды меңгеріп, кәсіп етуде. Кәсіпкер алда кәсібін кеңейтуді көздеп отыр. Сұраныс барда ұсынысты да арттырмақ.

«Қызылорда» Өңірлік инвестициялық

орталығының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: