Сенбі, 23 қараша, 08:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Мерейі үстем мұғалім

12.11.2024

193 0

«Ұстаз болу – ұлы іс» деп текке айтылмаған. Бала бойына білім нәрін құйып, өмірде тұлға болып қалыптасуына аянбай тер төгетін жанның бірі – ұстаз десек артық болмас. Мектеп табалдырығын аттап, білім көгіне қанат жайған оқушының әрбір жетістігі де, жеңісі де ұстаз еңбегінің нәтижесі. Қоғамдағы жауапкершілігі зор салада 30 жылға жуық еңбек етіп жүрген үздік мұғалімнің бірі – Гаухар Таркешева.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гаухар Әбдімәжитқызы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң алғашқы еңбек жолын қазіргі С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мек­теп-лицейінде бастаған. Содан бері оқушыларды қазақ тілі мен әдебиет әлеміне жетелеп, рухани толысуы жолында аянбай келеді. Мектеп ұжы­мының мақтанышына айналған кейіп­керіміз «еңбегімнің жемісі – шәкірт­терімнің жеңісі» дейді. Ал ол білім нәрімен сусындатқан оқушылардың алды бүгінде ғылым кандидаты, доцент атанып, өз ісінің маманы атанған.

– Ұстаз болу – жауапты іс. Оқу­шыға біліммен бірге тәрбие қатар беріледі. Оқушы мектепте сабақ берген ұстазынан үлгі алады. Сондықтан мұндай зор жауапкершілік жүгін лайықты көтеру керек деп ойлаймын. Білім жолындағы 30 жыл ішінде бес рет сынып жетекшісі болдым. Оқушыларымның адамдық жолдан айнымаған азамат болғаны, өз ісінің маманы болғаны біздер үшін үлкен қуаныш. Мен өзімнің шәкірттеріммен мақтанамын. Ұстаз болғанымды мақтан тұтамын, – дейді Гаухар Таркешева.

Үздік ұстаздың шәкірттері қала­лық, облыстық, республикалық олим­пиадалар мен шығармашылық бай­қаулардың жеңімпазы атанып жүр. «Мұның барлығы еселі еңбегімнің жемісі» деген ұстаздың бұл еңбегі де елеусіз қалған емес. Облыс, қала әкімінің грантының жеңімпазы болған  педагог-зерттеуші ҚР Білім  және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, алғыс хатымен мара­патталған.

Гаухар Әбдімәжитқызының жетіс­тігі мұнымен шектелмек емес. Ол «Үздік ашық сабақ – 2021» атты республикалық байқауының, халық­аралық ғылым мен білімді қолдау орталығының «Жылдың үздік авто­ры – 2024» байқауының, «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» бай­қауының І орын жеңімпазы атанған. Бұдан бөлек мұғалімдер арасындағы білім бәсекелерінде оза шауып, мектеп абыройын асқақтатып келеді.

Халқымыз «Ұстаздан – шәкірт озар» деген емес пе?! Ұстазы жақсы­ның ұстамы мықты. Кейіпкеріміз­дің Томирис Ахметова, Нұрдана Қуаныш, Роза Арыстанбекова, Аружан Жүнісова, Нұрлы Төребаева сынды оқу­­шысы ұстазының ғана емес мектеп­тің мақтанышына айналған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: