Сенбі, 28 ақпан, 01:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

Өсімдік туралы санамақ

28.02.2026

32 0

Бір дегенің – бақбақ,

Санамақты ал жаттап!

Екі дегенің – емен,

Әркез ойлан терең!

Үш дегенің – үлбірек,

Кішіге жүр үлгі боп!

Төрт дегенің – тары,

Жаманнан жүр ары!

Бес дегенің – бидай,

Жақсыны жүр сыйлай!

Алты дегенің – алма,

Біреудің затын алма!

Жеті дегенің – жиде,

Жазықсызға тиме!

Сегіз дегенің – сәбіз,

Адал болу парыз.

Тоғыз дегенің – тұт,

Үлкенді үлгі тұт!

Он дегенің – орман,

Еліңе бол қорған!

Жануарлар жайлы санамақ:

Бір дегенің – бөкен,

Түзді еткен мекен.

Екі дегенің – ешкі,

Лағы ерке, есті.

Үш дегенің – үлек,

Көкті тұрар тіреп.

Төрт дегенің – түлкі

Езуінде күлкі.

Бес дегенің – бұғы,

Мүйізі үлкен, ірі.

Алты дегенің – арқар,

Тау үстінде жортар.

Жеті дегенің – жылқы,

Сұлу дене тұрқы.

Сегіз дегенің – сиыр,

Сүтіне бәрі үйір.

Тоғыз дегенің – түйе,

Мол салмаққа ие.

Он дегенің – орқоян,

Еті өте мол қоян.

Балық жайлы санамақ

Бір дегенің – балық,

Ауладым қармақ салып.

Екі дегенің – елең,

Жүзеді екен терең.

Үш дегенің – үскіш,

Суда жылдам жүзгіш.

Төрт дегенің – тісті,

Бір қайнаса пісті.

Бес дегенің – бекіре,

Бәрі құмар етіне.

Алты дегенің – ақбалық,

Талай ыстап, қақтадық.

Жеті дегенің – жайын,

Жемесең жейсің уайым.

Сегіз дегенің – сазан,

Толсын оған қазан.

Тоғыз дегенің – торта,

Қайнатсаң нағыз – сорпа.

Он дегенің – оңғақ,

Он саусағым толды-ақ.

Балық жайлы өстіп

Бердім саған талдап.

Құстар жайлы санамақ

Бір дегенің – бірқазан,

Еті болар бір қазан.

Екі дегенің – ементұмсық,

Сүйекті шағып, жеген тұмсық.

Үш дегенің – үйрек,

Жүзген ізі ирек.

Төрт дегенің – тауық,

Жұмыртқа берер тауып.

Бес дегенің – бүркіт,

Жемтігін жеңер жұлқып.

Алты дегенің – аққу,

Салған әні гәкку.

Жеті дегенің – жалбағай,

Тұмсығы ұзын пальмадай.

Сегіз дегенің – сұңқар,

Аң аулауға іңкәр.

Тоғыз дегенің – тауыс,

Көркем бейне мен  дауыс.

Он дегенің – оқпан,

Тұмсығы өткір оқтан.

Ержеңіс Әбді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: