Сенбі, 28 наурыз, 01:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22 (2234)
28.03.2026
PDF мұрағаты

Қаржылық есептілік аудиті: Бұл не үшін қажет?

28.03.2026

39 0

Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Қаржылық есептілік аудитінің мақсаты» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында қаржылық есептілік аудитінің мәні мен маңызы, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері жан-жақты талқыланды.

Атап айтқанда, қаржылық есептілік (шоғырландырылған қаржылық есептілік) аудитінің мақсаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігінің анықтығын негізделген растауды алу болып табылатындығы түсіндірілді.

Сонымен қатар бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шоғырланды­рылған қаржылық есептілігінің компоненттері – бюджеттік бағдарлама­лар әкімшісінің ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері­нің жеке қаржылық есептілігі, сондай-ақ оның ведомстволарының шоғырландырылған қаржылық есептілігі болып табылатындығы айтылды.

Қаржылық есептілік аудиті Қазақстан Республикасының 2007 жыл­ғы 28 ақпандағы №234 «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Заңы,  Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017  жыл­ғы 1 тамыздағы  №468 бұйрығымен бекітілген «Қаржылық есеп­тілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы», «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүр­гізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы №223 бұйрығының талаптарына және ұсынылған құжаттарға сәйкес жүргізілетіндігі атап өтілді.

Семинар соңында қатысушылар пікір алмасты. Бұл іс-шара тың­даушылардың кәсіби білітілігін арттыруға және аудит саласындағы теориялық әрі практикалық білімдерін тереңдетуге ықпал етеді.

Ақтоты МАХАНБЕТЖАНОВА,

Қызылорда облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті қаржылық есептілік аудиті бөлімінің бас маман-мемлекеттік аудиторы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: