Сенбі, 01 наурыз, 16:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16,2129
01.03.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандағы ең ұзын туннель

01.03.2025

13 0

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Біздің еліміз Азия мен Еуропаны байланыстыратын әлемдік маңызы бар көлік торабына айналуы тиіс екенін атап өтті. Бүгінгі таңда бұл бағытта жұмыс жүргізілуде. Бұл нысанды пайдалануға беру  жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және өңірдегі жолаушылар ағыны мен жүк айналымын арттырады, бұл туризмнің дамуына әсер етеді.

Туннельді зерттеу барысында 600 кмді артқа тастап,  Түлкібас ауданы Шақпақ  баба асуына барған болатынмын, туннель ұзын, барлық жаңа технологилармен жабдықталған, барлығы автоматтандырылған екен.

Туннельде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында төмендегідей жүйелер енгізілген:

1. Туннельдің екі жағында жарықтандыру.

2. Улы газдардан қорғайтын желдеткіштер.

3. Дабыл беру және бағдаршамдарды реттеу үдерісін басқаратын диспечерлік пункттер.

4. Уақыт режимін бақылайтын бейнебақылау камералары.

5. Өрттен қорғау жүйелері, өрт сөндіру резервуарлары, өрт дабылдары.

6. Жедел қызметтермен байланысуға арналған таксафондар.

7. Люминесцентті шамдар.

8. Жарық қайтарғыш элементтер.

9. Туннельді  тастардың құлауынан қорғайтын құмды бассейндер.

10. Ақпараттық тақта.

11.Жол белгілері.

Туннельдің жанында жүргізушілер мен жолаушылардың ыңғайы үшін жол жөндеу пункті, жанармай құю бекеті, тікұшақ алаңдары және сауда аймақтары қарастырылған. Туннельдің ерекшелігі заманауи қондырғылармен жабдықталған, атап айтсақ, тау суын реттеп отыратын арнайы құрылғы орнатылған. Сонымен қатар бұл жер сейсмикалық тұрғыдан қауіпсіз,оның ішінде желдету жүйесі қойылып, мұнда төтенше жағдай орын алғанда дер кезінде хабар ететін қондырғы орнатылған. Туннель екі облыстың ғана емес, көршілес елдердің көлік –логистикалық жүйесіне оң әсерін тигізуде.

Мерейлі Сексенбаева,

 №39 «Қызылөзек» орта мектебінің 10 сынып оқушысы 

Жетекшісі: Жанар Тойбазарова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: