Сейсенбі, 04 наурыз, 08:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16,2129
01.03.2025
PDF мұрағаты

Қоғам мәселесі назардан тыс қалмайды

28.01.2025

125 0

Отбасы құндылықтарын насихаттау – бүгінгінің басты мәселесі. Қоғам болып, көтерген тақырыпты тіпті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қолға алып, қатаң тапсырма берген еді. «Бас сынса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» деген ұстаным тыс қалып, өмірлік жарын аялай алмайтындарды тәртіпке шақырар заң да күшіне енген. Қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия биыл 4 рет отырыс жасап, отбасы құндылықтарын насихаттау ісіне нықтап кіріскен. Мұнан бөлек, жастар саясаты, дін мәселесі, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бағытында да ауқымды шаруа атқарылған. Бұл туралы қалалық қоғамдық  даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев БАҚ өкілдеріне берген брифингте айтты.

– Тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша тоқсан сайын арнайы карта әзірленіп, соның нәтижесінде жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдануда. Қаладағы діни ахуал да тұрақты. Жергілікті теологтардан өзге республикалық ақпараттық түсіндірме топ мүшелерімен де, атап айтқанда, «Нұр-Мүбәрак» университетінің Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры, теология ғылымдарының Phd докторы Сәкен Сайранұлы, республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Болат Шоманов, Асхат Ерубай қалаға шақырылып, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылды. Халық көп шоғырланатын орындарда облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығымен бірлесіп акциялар өткізіліп, тұрғындарға ақпараттық үнпарақтар таратылды. Қала аумағында 3 жерде діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы заттарды сату орны белгіленген, – деді Айдын Бөкенбайұлы.

Қала халқының мұң-мұқтажы қашан да тыңдалады. Олардың әрбірінің сапалы өмір сүруіне жағдай жасалып келеді. Тұрғындардың әлеуметтік желілерде жариялаған түрлі арыз-шағым, өтініш-тілектеріне талдау жұмыстары күнделікті жүргізіп келеді. Бұл бағытта «Open Qyzylorda» жобасы арқылы жұмыстар жүргізілуде. Келіп түскен әр сауал жауапсыз қалмады.

– Өткен жылдың тамыз айындағы көрсеткіш бойынша қала аумағында «NEET» санатындағы жастардың саны 2 480 адамға жеткен. Жастар орталығы мен кент және ауылдық округтер әкімі аппаратының мамандарымен 1583 жасқа адрестік жұмыстар жүргізіліп, статусы анықталды.  «Ozger Team» ұлттық бастамасы аясында Қызылорда қаласында «Ozger Orda» жобасы жүргізілді. Жобаның негізгі мақсаты уақытша жұмыссыз жастарға жаңа дағдылар беру, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысу үлесін арттыру. Қазіргі таңда бағдарламамен 50 жас қамтылды. Ал 5 жас қайтарымсыз грантқа ие болса, 10-нан астам жас тұрақты жалдамалы жұмысқа орналасты. «Мансап» орталығымен бірлескен 10 рет «Мүмкіндіктер алаңы», қалаға қарасты кент және ауылдық округтер мен шет аймақтарда  5 рет «Көшпелі кеңес» шаралары өткізілді. Мұның барлығы, елдің ертеңі жолында жастардың дұрыс бағытта қалыптасуына ықпал ететіні анық, – дейді А.Қайруллаев.

Бөлім тарапынан 2025 жылы аталып өтетін тарихи атаулы даталардың қатарында Қызылорда қаласының астана болғанына және «Қазақ» атауының қайтарлуына – 100 жыл, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуы ерекше маңызға ие. Сондай-ақ, «Жұмысшы мамандықтар» жылы аясында жастарға кәсіби бағдар беру, бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру, жұмысшы мамандықтарды дәріптеу бойынша бірқатар шаралар атқару да күн тәртібінде тұр.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: