Бейсенбі, 26 желтоқсан, 14:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Тазалыққа үндеген акция

12.11.2024

325 0

Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында Мемлекет басшысының баста­масымен қолға алынған «Таза Қазақстан» респуб­ликалық экологиялық акциясы апта сайын ұйым­дастырылып келеді. Сыр өңірінде де «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда.

Өткен аптаның сенбісінде тазалық акциясы аясында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен жаңадан ашылған Оқушылар сарайы аумағына тал егу рәсімі өтті. Оған Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Әбенов, экономист, сарапшы Олжас  Құдайбергенов, қала, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, облыстық басқарма мен департамент басшылары қатысты.

Бүгінде аймақтың барлық елді мекенінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыс­тары тұрақты жүргізілуде.

Экологиялық бағдарламаны өңірде өткізудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген.  Жоспарға сәйкес «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптарында апталық шаралар ұйымдастырылуда.

Тазалық акциясына белсене қатысқан Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов:

– «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағ­дарламасы аясында тал егу рәсіміне аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтан бастап, барша жұрт атсалысты. Жалпы бұл – бәріміз үшін де ортақ міндет.

Осы күні Сыр елін көркейту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына ерекше ден қойылып, тиісті шаралар қолға алынған. Арнайы экологиялық бағдарламаны өңірде өткізудің облыстық іс-шаралар жоспары да бекітілген. Нәтижесі тек Қызылорда облысына емес, барлық аймақтарға үлгі болуда.

Қазір қаланың келбетін көрсең көз қызығады, эсте­тикалық жағы да өте керемет. Қала көшелері тазалықтан жалтырап тұрса, бұл аймақ басшылығы мен халқының табиғатқа қамқорлығы, адамға құрметі және экологиялық жауапкершілікті терең сезінуі, түсінуі деп білемін, – деді Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар тазалық шараларына 600 мыңнан астам ерікті, қоғам қайраткері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкері қатысты. Осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстардан кейін 23 мың тоннадан астам қоқыс қалдығы шығарылып, елді мекендердегі 505 сквер мен парк, 225 тарихи-мәдени ескерткіш, 791 әлеуметтік нысан, 4332 өнеркәсіп және бизнес нысаны, 322 су айдыны, 47 451 көше бойы және 6 929 көпқабатты үй мен 40 522 жер үйдің ауласы тазартылды. Оған 500-ден астам техника жұмылдырылған.

Ал көркейту-көгалдандыру жұмыстары бойынша өңір климатына жерсінген 129358 қара ағаш, терек және сыр талының көшеті егілді. Жалпы таза қалаға айналған Қызылордада тазалық акциясы әлі де жалғасын таппақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: